• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 04 Маусым, 2020

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды

1164 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Батаев Берік Әділгерейұлы тағайындалды.

Батаев Берік Әділгерейұлы - 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясында экономист, Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінде директор, Зеленов (қазіргі Бәйтерек) ауданында әкім болып қызмет еткен. Алматы қаласында «ТұранӘлемБанк», «Үміт» Зейнетақы жинақтау қоры» жабық акционерлік қоғамдарында жұмыс істеген. Ақмола облысы, Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментін басқарып, Маңғыстау облысының Қарақия ауданында әкім болған тәжірибесі де бар. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

 

Батыс Қазақстан