Теннистен АҚШ ашық чемпионаты (US Open) турнирінің ұйымдастырушылары дүниежүзінде болып жатқан жағдайға байланысты доданы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізудің бірнеше жолын қарастыруда, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Аталған дода ұйымдастырылған жағдайда көрермендерсіз өтетіні мәлім болды. Сонымен қатар спортшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қатысушыларға арнайы чартерлік рейстер тағайындалуы мүмкін. Қатысушылардың барлығы жарыс алдында COVID-19 вирусына тест тапсырады. Сондай-ақ жарыста төрелік ететін төрешілер мен матчта қызмет көрсететін болбой саны қысқартылады. Тағы бір ескеретін жайт, жарыс ұйымдастырылған жағдайда форматы өзгеруі мүмкін.