• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Маусым, 2020

Онлайн матч өткізді

162 рет
көрсетілді

Шахматтан Қазақстан мен Ресейдің жасөспірімдер құрамасы онлайн матч өткізіп, 45:31 есебімен ресейлік спортшылар жеңіске жетті.

Онлайн бәсекеде Қазақстан құрамасы атынан Нөгербек Қазыбек, Аңсат Алдияр, Айтуар Жүкенов, Ксения Балабаева және Меруерт Қамалиденова бақ сынады. Ал Ресей құрамасынан Володар Мурзин, Рудик Макарян, Андрей Цветков, Лея Гарифул­лина және Мария Якимова өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасында ең үздік нәти­жеге Меруерт Қамалиденова (9 ұпай) мен Нөгербек Қазыбек (7,5 ұпай) қол жет­кізді. Айта кетейік, матч барысында Меруерт Ресейдің ең үздік шахмат шебері Воло­дар Мурзинді жеңіп кетті.