14 маусымда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтетіні белгілі. Сол жарыста қазақстандық Мария Агапова бразилиялық Мелисса Гаттомен күш сынасуға тиіс еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Алайда коронавирустың екінші толқыны өршуіне байланысты жергілікті билік тарапынан бірқатар мемлекеттің азаматтарына АҚШ-қа келуге қатаң тиым салынып отыр. Солардың арасында Бразилия да бар. Сол себепті де UFC басшылығы Мария Агаповаға дереу өзге қарсылас іздесуге кірісті. Енді жерлесіміз Ханна Сайферспен айқасады. 27 жастағы АҚШ-тың Оксфорд қаласының тумасы 2013 жылдан бері спорттың осы түрін серік етуде. Сол аралықта 15 рет октагонға шығып, 10 бәсекені өз пайдасына шешті. Өзінің соңғы екі жекпе-жегінде ол Анджела Хилл және Маккензи Дернге есе жіберді.
Ал 23 жастағы жерлесіміз жайында айтар болсақ, осы күнге дейін ол 9 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жетті. Былтыр 30 шіледе Агапова америкалық Трэйси Кортезден ұпай санымен ұтылған болатын. Одан кейінгі екі жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Атап айтсақ, АҚШ спортшысы Алекса Коннерс "қылқындыру" әдісімен ұтса, бразилиялық Марилия Сантосты шынтақпен ұрып құлатты.
13 маусымда өтетін айтулы жекпе-жек турнирінің толық карды мынадай:
Джессика Ай – Синтия Кальвильо
Карл Роберсон – Марвин Веттори
Андре Фили – Чарльз Журден
Рэй Борг – Мераб Двалишвили
Марк Де Ла Роса – Джордан Эспиноса
Мария Агапова – Мелисса Гатто
Кевин Агилар – Чарльз Роза
Джулия Авила – Джина Мазани
Райан Бенуа – Тайсон Нэм
Джордан Гриффин – Деррик Минер