• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Маусым, 2020

Головкиннің салмағында өнер көрсеткен экс-чемпион аралас жекпе-жекке ауысты

180 рет
көрсетілді

Танымал камерундық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Хассан Н'Жикам аралас жекпе-жектен өтетін жарыстарда күш сынасуға бел буып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz 

1984 жылы Камерунның бас шаһары – Яундеде туып-өскен Хасан кезінде қара құрлықтың теңдессіз боксшысы атанып, 2004 жылы Афины Олимпиадасында өнер көрсетті. 75 кило салмақта жұдырықтасқан ол ширек финалға дейін жетті. Сол жылы кәсіпқой рингке ауысты.

Барлығы 42 рет шаршы алаңға көтерілген Н'Жикам 37 бәсекеде басымдық танытты. 21 кездесуді нокаутпен аяқтады. Әр жылдары түрлі белді нұсқалар бойынша әлем чемпионы атанды. Кезінде Африканың өкілі қазақстандық Геннадий Головкинмен де күш сынасады деген сыбыс шыққан. Алайда олардың жолдары қиыспады. 2016 жылы Хасан Рио Олимпиадасына қатысты. Бірақ Бразилияда оның жолы болмады.  

 Аралас жекпе-жекте бақ сынауға бел буған Хассан Н'Жикам күні кеше Францияның Ares FC ұйымымен келсімшартқа отырды. "Біраз уақыт осы промоушенде өнер көрсетемін. Ал егер бәрі ойдағыдай болса, мен алдағы уақытта UFC-ден де көріп қалуларыңыз мүмкін", - дейді атақты боксшы.