• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Батыс Қазақстан тұрғыны қоқыс өртеймін деп күйіп қалды

341 рет
көрсетілді

2020 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысында 195 өрт болған, оның 134-і тұрғын үй аумағынан шыққан екен. Осы өрттердің салдарынан 3 адам қайтыс болып, 7 адам жарақат алған. Өрт салдарынан болған шығын 2 704 815 теңгеге бағаланыпты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Жыл басынан бері тілсіз жаудан 35 тұрғын үй, көпқабатты 12 үй зардап шекті. 60 монша, гараж, шаруашылық ғимараты өртенді. Әсіресе 27 мәрте шөп ауласы өртенді, бұл өткен жылғыдан екі есеге көп", - дейді Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков.

Жаз шығып, өрт қауіпті кезең басталғалы өңірде 3 орман өрті болған. Көбінісе жол жиектері жанған. Сонымен бірге карантин шаралары аяқталысымын табиғат аясына, орман ішіне демалуға асыққан адамдардың салғырттығынан да жасыл желек зардап шегіп жатыр. Нұрлан Сейдаханұлы жалпы ауданы 1946 га жердің отқа жанып, күл болғанын айтып отыр.

Тұрғындар көбінесе өз үйінің айналасын тазалап, қоқысты жағып жібермек болып жүріп өрт шығарып алады. Мұндай салғырттық, қауіпсіздік талабын сақтамау салдары оның өз мүлкіне ғана емес, көршілеріне де тиіп жатады. Тілсіз жаудан өзі зардап шегетіндер де бар. Мысалы, биылғы 6 маусымда 1975 жылы туған бір азамат жалыннан 3 дәрежелі күйік алып, Орал қалалық көп салалы ауруханаға жатқызылған. Алдын ала деректерге қарағанда бұл азамат тұрмыстық қоқысты өртеп жүріп күйіп қалған.

 

Батыс Қазақстан