• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Қызметкер токқа соғылып қайтыс болды

818 рет
көрсетілді

12 маусым күні Орал қаласының Назарбаев даңғылы бойында электр желісі бағанында кәсіби қызметін атқарып жатқан электр жөндеушіні ток соғып, оқиға орнында қайтыс болды.

"Суыт хабар келісімен жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері оқиға орнына жетті. Өкінішке қарай, 1990 жылы туған электр жөндеушіні құтқару мүмкін болмады. Құтқарушылар мен электр жүйесі қызметкерлері марқұмның денесін бағана басынан арнайы техниканың түсіріп алды", деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Батыс Қазақстан