• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Маусым, 2020

Түп-төркінінде елдік мүдде тұр

173 рет
көрсетілді

Төрткүл дүниені түгелдей дерлік жайлаған COVID-19 індеті қанша жерден алқымнан алғанымен әлемдік және елдік даму үдерісіндегі жаңғыруларға тұсау сала алмайтыны белгілі болып отыр. Қазіргі күнге дейін оның алдыңғы қатарында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы өрелі өзгерістер тұрған болса, соңғы уақытта бұған қоса саяси-қоғамдық сипаттағы бетбұрыстар да көзге айқын көрінуде.

Атап айтқанда, Nur Otan партия­сы бүгінгі уақыт пен замана тынысын дөп басып, алдына айқын да байыпты бағдар белгілеп отыр. Соның ішінде елдің көшбасшы саяси ұйымы өзге әріптестері мен қоғамдық институттарға үлгі-өнеге және бастамашылдық танытып, елдік мүдде мен елдік мәселелер төңі­регінде ұтымды партиялық жоба­ларды қолға ала білгені – құп­тар­лық іс. Партияның Ойыл ауда­нын­дағы Саяси кеңесі бюрос­ының мүшесі, Ойыл аудан­дық мәсли­хаты­ның хатшысы Еркін Жиеналин өз-ой пікірін осы арнадан сабақтады.

Оның айтуынша, Батыстан бас­тау алған, бұдан кейінгі кезең­де АҚШ сая­саткерлерінің демо­кра­тия­лық ұс­танымдарына негіз­дел­ген сай­лау тәжі­рибесін жат­сы­ну­­дың қа­жеті жоқ. Тіпті Пар­ла­мент Мә­жі­лі­сі­нің де­путаты Ба­қыт­бек Смағұл «Egemen Qazaqstan» га­зет­інің 9 маусым күнгі нөмі­рін­де жа­­рия­­л­анған «Праймериз – па­­йым мен парасат өлшемі» деген ма­­қа­­­ла­­сында бұл – партияның әр өңір­­де өт­кізетін ішкі сайлауы деген ұғым­­ды білдіретінін айта ке­ліп, прай­­мериз – халқымыздың б­а­йыр­­­ғы дәс­т­үрін жаңа форматта қай­та тү­лету іспетті екенін атап көрсетіпті.

Әңгімені әрі қарай жалғасақ, әлем елдерінің саяси лексиконы­нан өз орнын тапқан праймериз терминін халқымыздың ойлау-түсінігіндегі ұғымға сайсақ, пар­тия­ішілік іріктеу тәсілі болып шы­ға­ды. Жаңа тәсіл партияішілік сайлау­дың мазмұны мен түріне, бүгін­гі тілмен айтқанда, оның фор­маты­на түбегейлі өзгерістер енгізі­луіне әрі ең лайықты көшбасшыны сай­лауға септігін тигізбек. Екінші­ден, мұның өзі еліміздің саяси қондырғысына әлемдік тәжірибеде өзін өзі толығымен ақтаған жаңа технологиялар мен тәсілдердің ен­гізілу үрдісін таныта алады.

– Халықаралық деңгейдегі озық тәжірибенің бәрін бас-көзге қарамай қабылдай беретін болсақ, саяси сынақтан сүрініп кетуіміз де әбден мүмкін. Осы орайда Nur Otan партиясы праймериз тәсілінің тиімді тұстарын алдын ала ой таразысынан өткізгені партия мүшелері мен көпшілік тарапынан қолдау тапқаны – бір мерей. Тек содан кейін ғана өткен жылы партияішілік ірік­теу тәсілі қанатқақты жоба режі­мінде ұйымдастырылды. Оның өңір­дегі жиыны Ақтөбе облысы бо­йынша Мұғалжар ауданында өткі­зілді, – деді бұл туралы Nur Otan пар­тиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Тақталифум Есенғұлов.

Оның негізгі нәтижесі қан­дай болды деген мәселеге келсек, қанат­қақты режім кезінде көптеген адам оған қатысуға ниет біл­дір­­генін айтуға тиіспіз. Әрі осы ар­­қылы нұротан­дықтардың қата­рын­да жүр­ген­дердің арасында кімдердің көш­басшы болуға қабілетті екендігі де анықталды. Осылайша Ақтөбе аймағында праймериз өткізу қызу талқылау мен ашық пікірталастың өзегіне айналып сала берді. Тек содан кейін ғана партияның Саяси кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен оның ережесі қабылданды.

Тағы бір атап өтерлік мәселе, ал­дағы уақытта Ақтөбе облысында пар­­тия­ішілік іріктеуге қаты­суға ниет біл­­діргендерді арнайы әзірлік­тен өт­­кізу мен оқыту ісі белгілен­гені. Со­­нымен бірге саяси менеджмент мек­тебінің қызметін жолға қою, сай­лау­шылармен оңтайлы жұ­мыс жүр­гізе білу және көпшілік ал­дында сөз сөйлеу дағдыларын қалып­та­с­ты­ру, әрі партияішілік мәсе­ле­лер­ге қ­атыс­ты өзге де сұрақтар бо­йынша онлайн-семинарлар өт­кізу көзделген.

Праймериздің түп-төркіні тұтастай елдік мүддемен тамырлас екендігі де дәлелдеуді қажет ет­пейді. Түйіп айтқанда, Nur Otan пар­тиясы қолға алған тың тәсіл сая­си ұйымды жаңғырту мен жұ­мысын одан әрі жетілдірудің бір тұтқасына айнала алатынына сенім білдіргіміз келеді. Осы арқылы еліміздегі жетекші партия демократия қағидаттарына адалдық танытып, саяси реформаны жүзеге асыру үстінде нақты да батыл қадам жасап отыр деуге толық негіз бар.

 

АҚТӨБЕ