• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Маусым, 2020

Қазақстан мұнай-газ машинасын жасау орталығын құруға бастама білдірді

337 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамыту мәселелері туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Н. Ноғаев атап өткендей, 2019 жылы мұнай-газ саласында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу көлемі шамамен 7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15% артық. Бұл ретте 3 ірі оператор – ТШО, НКОК, КПО үлесі шамамен 5,7 трлн теңгені құрады, бұл ТЖҚ жалпы сатып алудың 80%-нан асады. 

Ірі жобалардағы жергілікті қамтудың жиынтық деңгейі шамамен 39% болды, бұл ретте жергілікті өндіріс тауарларының үлесі небары шамамен 10% құрады.

"Бұл көрсеткіштер отандық тауар өндірушілердің әлеуеті толық пайдаланылмайтынын көрсетеді, осыған байланысты Министрліктің және басқа да ведомстволардың жұмысы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға бағытталған", — деді Н. Ноғаев.

2019 жылдың сәуір айында мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оның құрамына ҚР ЭМ, ҚР ИИДМ, «PSA» ЖШС, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» және ірі жобалардың операторлары енді.

Жұмыс тобы қызметінің бір бағыты – нысаналы тауар топтарын және мүдделі отандық кәсіпорындарды айқындау мақсатында талдау жүргізу. 

Бастапқы деректер ретінде сатып алу жоспарлары мен орнатылған жабдықтардың тізбесі пайдаланылды, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің қажетті жабдықты жергіліктендіруге дайындығы мен мүдделілігі деңгейіне талдау жасалды.

Жүргізілген талдау негізінде тауарлардың 6 негізгі санаты айқындалды және оларды өндіруге мүдделі 18 отандық тауар өндіруші анықталды.

Сатып алуға жоспарланған жабдықтардың техникалық ерекшеліктері оларды одан әрі мүдделі отандық тауар өндірушілері арасында тарату үшін Қазақстан машина жасаушылар одағына және "Атамекен" ҰКП-ға берілді, сондай-ақ операторлардың техникалық мамандары мен Машина жасаушылар одағы өкілдерінің бірқатар кездесуі өткізілді, онда тауарлардың техникалық ерекшеліктері талқыланды.

Талдау қорытындысы бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді:

• НКОК 2020 жылы келісімшарт жасау үшін 5 басым компания бойынша жұмыс жүргізуде.

• ТШО "Бемер Арматурен Қазақстан" ЖШС мен Karlskrona ЖШС-ға сынақ тапсырыстар орналастырды. Бұдан басқа 9 зауыт/қызмет жеткізушілер біліктілік іріктеуден өтіп, өз кезегінде ТШО үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізе бастады.

• КПО-да 2020-2021 жылдар ішінде тауарларды 13 санат бойынша жергіліктендіру және отандық тауар өндірушілермен 5 келісімшарт жасасу жоспарланған.

Сонымен қатар 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқа жабдық өндірісін кезең-кезеңмен жергіліктендіру жұмысы таяу уақытта қызметтің басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Одан әрі жұмыс барысында өндірісті жергіліктендіру үшін жоғары әлеуеті бар. 

Орта мерзімді перспективада, мысалы, әртүрлі шығыс материалдары (тығыздағыштар, төсемдер, сүзгілер), бекіту материалдары, бекіту арматурасы, электротехникалық бұйымдар, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика) сияқты тауарлар мен жабдықтарды жергіліктендіру жоспарлануда. 

Бұл жұмыс дайындалатын жабдықтың күрделілігі мен сынилығы одан әрі арттырыла отырып, табысты жалғасуда. 

Сонымен қатар, күрделі емес тауарлар өндірісін жергіліктендіру және сынақ тапсырыстарын орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Соңғы 2,5 жылда Қарашығанақ жобасында отандық тауар өндірушілерге жеке қорғаныш құралдары, жылу алмастырғыштар, бұрғылау қашаулары, шегендеу бағандары, модульдік қосалқы станциялар және т. б. тауарларды өндіру мен жеткізуге келісімшарттар берілді. 

Қашағанда осы кезең ішінде $53 млн сомасына келісімшарттар берілді, 2020 жылы қосымша 2 келісімшарт берілді.

ТШО бойынша жалпы сомасы $30 млн болатын тауарлар жергіліктендірілді.

Бұл тауарлардың барлығы бұрын шетелден импортталатын. 

Энергетика министрлігі мен өкілетті органның бастамасы бойынша тендерлік рәсімдерге жергілікті қамту бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері бойынша НКОК және ҚПО-мен жұмыс жүргізілді. 

«Инвестицияларға айырбасталатын келісімшарт» тетігін енгізу, шетелде шығарылған тауарларды жергіліктендіру шартымен қолданыстағы келісімшартты ұзарту, шартты жеңілдік беру, қазақстандық жеткізушілер арасында тендер өткізу бойынша бұрын-соңды болмаған ережелер енгізілді. 

Сонымен қатар операторлардың веб-сайттарында сатып алу жоспарларын орналастыру тәртібі нақтыланды, ол сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша сипаттамасын, тендерге шақырудың болжамды күнін, келісімшартты беру кезеңін және сатып алудың болжамды бюджетін қамтиды.

Бұл бастаманы іске асыру отандық тауар өндірушілерге қосымша қолдау болады және мұнай-газ жобаларының операторлары жүргізетін сатып алуға оларды барынша тартуға ықпалын тигізеді деп күтілуде.

"Отандық өндірістің құзыретін арттыру мақсатында біз Мұнай-газ машиналарын жасау мен сервисті дамытудың халықаралық орталығын құруға бастама жасадық, ол Өнімді бөлу туралы келісімнің 3 операторымен өзара іс-қимыл бойынша бірыңғай терезе болады және жүргізіліп жатқан жұмысты үйлестіретін болады", — деді министр.

Орталықты құру кезінде SHELL және ENI компаниялары құрған ұқсас зерттеулер мен әзірлемелер орталықтарының жұмыс тәжірибесі пайдаланылатын болады.

Орталық жұмысының негізгі мақсаты – ҚР мұнай-газ саласы үшін тауарлар/қызметтер өндірісін жергіліктендіру, атап айтқанда үш оператордың қажеттіліктері үшін жаңа өндірістер мен сервистік орталықтар ашу, сондай-ақ қазіргі бар отандық тауар өндірушілердің (ОТӨ) және сервистік компаниялардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жергіліктендіру.

Қазіргі уақытта Орталық ашудың шарттары үш оператордың акционерлерімен келісілуде.

"Біз акционерлер-халықаралық мұнай компаниялары өз мамандарын, техникалық және инженерлік құзыреттерін ұсыну арқылы осы Орталыққа қолдау көрсеткенін қалаймыз. Орталық КазЭнерджи үлгісінде құрылады және үш оператордың қаражаты есебінен қамтылады", — деді министр. 

Сондай-ақ Н. Ноғаев орта мерзімді перспективада Энергетика министрлігінде мынадай нақты жоспарлар бар екенін атап өтті: іс-шаралар жоспарын белгіленген бағыттар бойынша іске асыруды 2025 жылға дейін жалғастыру, жабдыққа сервистік қызмет көрсету орталықтарын және қосалқы бөлшектер өндірісін дамыту, сондай-ақ жергілікті кадрларды дамыту.