Түркістанның ең құнды жауһары - Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары ЮНЕСКО назарында. Қала әкімі Рашид Абатұлы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен онлайн бейнебайналыста ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті мүшелерімен тілдесті, деп жазады Egemen.kz
ЮНЕСКО халықаралық ұйымының Бүкіл әлемдік мұра комитетінің Азия және Тынық мұхиты өңірі бөлімінің басшысы, Халықаралық деңгейдегі сарапшы Фенг Джинг төрағалығымен өткен бейнебайланыс 3 сағатқа созылды. Онда Түркістан қаласының мүмкіндігін тиімді пайдалану туралы айтылды. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасын әлемдік мұра ретінде қайта жаңғырту тақырыбы көтеріліп, қатысқан 48 сарапшы іске асып жатқан жұмыстардың оң бағытта екендігіне қолдау білдірген.