• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Маусым, 2020

Мишель Платини 65 жаста

160 рет
көрсетілді

Францияның атақты футболшысы, білікті бапкер, танымал функционер Мишель Платини бүгін 65 жасқа толып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік футбол тарихында Мишель Платинидің есімі алтын әріптермен жазулы. 1972-87 жылдар аралығында Францияның "Нанси" мен "Сент-Этьен" және Италияның "Ювентус" клубтарында өнер көрсеткен жылдары ол 234 рет жасыл алаңға шығып, 224 голдың авторы атанды.

Францияның ұлттық құрамасы сапында 1984 жылы Еуропа чемпионы және 1986 жылы әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. 1983-85 жылдар аралығында қатарынан үш рет "Алтын допты" иеленді. 1984-85 жылдары екі мәрте әлемнің ең үздік ойыншысы деп танылды. Платинидің басқа да толып жатқан атақтары тағы бар.

Сонымен қатар, Мишель Платини жаттықтырушылық қызмет атқарды. Бірер жыл Франция құрамасының тізгінін ұстады. 2007-15 жылдары ол УЕФА президенті болды.