• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Маусым, 2020

1406: хабарласушылар саны 2 есеге артты

143 рет
көрсетілді

1406 байланыс орталығына КВИ-ға тест тапсыру мәселесі бо­йынша хабарласушылар саны 2 есеге артты. Байланыс орта­лығына түсетін қоңыраулардың көпшілігі коронавирус бо­йынша ауруханаға орналастыру мәселелеріне қатысты. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабар­лады.

Тұрғындар ПТР-тест тапсыру, коронавирус және сырқаттың симп­томсыз ағымының белгі­ле­рі туралы сұрайды. Медицина ұйым­дарының жұмысын, ауру­ха­наға жоспарлы жатқызу жа­ғын түсіндіруді өтінеді.

«Біздің аймақтық филиалдарымыз жергілікті денсаулық сақтау басқармаларымен ты­ғыз байланыста, еліміздің әрбір тұрғынына барынша көмек­те­суге тырысады. ПТР-талдау тапсыруға қатысты сұрақтар түсіп жатқандықтан, айта кет­кім келеді. Бас санитарлық дәрі­гер­дің қаулысына сәйкес, 10 санат бойынша COVID-19-ға тестілеу ақысын Қор төлейді», деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов.

Нақты айтқанда, Қор қара­жа­ты есебінен коро­на­ви­рус­қа ақысыз ПТР-талдаудан өтуге құқылы азаматтар:

тегін кепілдендірілген меди­ци­налық көмек көлемінде:

– инфекциялық стацио­нар­лар­ға жатқызылған пациенттер;

– COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен провизорлық ста­ционарларға жатқызылған пациент­тер;

– COVID-19 болуы мүмкін, ЖРВИ және пневмония бел­гі­­лері бар, стационарлық дең­гей­де­гі пациенттер;

– Үйде оқшаулауға жағдай бол­мағанда карантиндік изо­лят­о­рға симптомсыз COVID-19-бен жатқызылған азаматтар (ПТР-тексеру, бұл санаттағылар үшін, сол жатқан стационарларда жүр­гізіледі);

– COVID-19 болуы мүмкін, ЖРВИ және пневмония белгі­ле­рі бар, амбулаторлық деңгейдегі пациенттер;

– симптомсыз COVID-19-пен БМСК дәрігер бақылауындағы азаматтар (ПТР-тексеру, бұл са­наттағылар үшін, тіркелген орны бойынша емханаларда тағайындалады);

міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру аясында:

– ауруханаға жоспарлы түр­де жатқызылған пациенттер, оның ішінде 37 апта мерзімінде босандыруға рұқсат берілген жүкті әйелдер (ПТР-тексеру тір­келген орны бойынша емхана­лар­да тағайындалады);

– ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған пациенттер, оның ішінде жүкті әйелдер мен бала босанған аналар (ПТР-тексеру стационарда жүргізіледі);

– гемодиализде жатқан пациенттер (ПТР-тексеру тіркелген орны бойынша емханаларда тағайындалады);

– жаңа туылған нәрестелер, клиникалық хаттамаға сәйкес (ПТР-тексеру стационарда жүр­гі­зіледі).

Зерттеу жұмыстарын ұйым­дас­тырумен және басқа да қосал­қы мәселелермен өңірлік ден­саулық сақтау басқармалары айна­лысады.

«Қазіргі уақытта бірқатар аймақтағы меди­цина ұйым­да­рының инфра­құ­ры­лымдары қалыптасқан жүк­те­ме­лерді кө­те­­ре алмауда. Осыған байла­нысты тест тапсырғысы келетін­дер­дің кезегі байқалады. Бұл да тест нәтижесінің жылдам ұсы­­нылуына әсер етеді. Қор тара­­пынан біз медициналық ұйым­дардың қызмет ақысын уақ­тылы төлеу жөніндегі мін­дет­темелерімізді орындауға да­йынбыз», деді Марат Шоранов.

Егер құқылы азаматтарға тегін талдау жасаудан бас тарт­­қан жағдайда, Әлеуметтік ме­­ди­циналық сақтандыру қоры­­ның 1406 байланыс орта­лы­­ғына немесе Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады. Бұл кезде өтінім онлайн тәртіпте бірден меди­цина ұйы­мының бас дәрі­ге­ріне түседі.

Естеріңізге саламыз, Әлеу­мет­тік медициналық сақ­тандыру қоры халықты ден­сау­лық сақтау мәселелері, МӘМС жүйесі жа­йында ақпараттандыру бо­йын­ша тәулік бойы жұмыс іс­тей­тін байланыс орталығын ұйым­дас­тырды. Ал төтенше жағдай кезінде коронавирус бойынша жедел желі ретінде жария­лан­ды. Желіге медициналық қызмет көрсету сапасын мониторинг­теу бөлімінің мамандары тар­тыл­ған, олар әр аймақтағы медицина ұйымдарымен бірлесе отырып жұмыс істейді.