• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елбасы 24 Маусым, 2020

Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы жайында айтты

403 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қазір Елбасы өзін жақсы сезінетінін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауалдар келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев қазір өзін жақсы сезінеді. Оның әлі де дәрігерлердің ұсыныстарын сақтайтынын және өзін-өзі оқшаулауды жалғастыратынын айтқым келеді.

Өкінішке қарай, Тұңғыш Президент  Жеңістің 75 жылдығына арналған Ресейдегі шеруге қатыса алмады. Елбасы парадты тікелей эфирде тамашалады", - деп жазды Айдос Үкібай.

Еске сала кетейік, 18 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа байланысты оқшауланды.