Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери тарих мұражайының өкілдері 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың туыстарына жеке естелік сертификаттарын табыстады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Сертификаттар іздестіру-мұрағаттық жұмыс қорытындысы, мұражайдың іздестіру бөлімшесінің мекенжайына келіп түскен іздестіру бойынша өтініштеріне сәйкес дайындалды. Сертификатта жауынгерлерлің алғаш жерленген жерлері дәл көрсетілген.
"Бүгін біз үшін еркін өмірді қорғаған мыңдаған жауынгерлердің батылдығы мен ерлігінің арқасында бейбіт аспан астында өмір сүріп, бәріміздің ортақ Отанымыздың тәуелсіздік жетістіктерінен қуанатын мүмкндігіміз бар. Фашизм мен жауыздық нацисттық идеологияны жеңудегі Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың да қосқан үлесі зор", деп атап өтті идея авторы, Әскери – тарихи мұражайының бастығы, PhD докторы подполковник Нұртаза Әсілов.
Сертификаттарды тапсырудың мақсаты – қазақстандық жауынгерлердің есімдері мәңгілікке сақтау, туыстарының жерленген жері туралы ақпарат алу. Батырлардың жерленген жерлері кең ауқымды, Батыс Еуропадан бастап Ресей Федерациясының Қиыр Шығысына дейін.
Естелік сертификаттары табыстау – іздестіру қызметі аясында Қарулы Күштердің Әскери – тарихи мұражайымен іске асырылған алғашқы жоба емес. 2020 жылғы ақпан айында құрылған "Ер есімі – Ел есінде" атты фотогалерея мен мультимедиялық кешені де қазақстандықтардың назарына ие болды.
2020 жылғы 20 маусымдағы жағдайы бойынша бөлімшеге туыстарының тағдыры мен олардың жауынгерлік жолдары туралы ақпарат білгісі келген азаматтардан 2415 өтініш келіп түскен. Өтініштер тек Қазақстанның азаматтарынан ғана емес, ТМД елдерінен де бар.
Біздің отандастарымыздың ерлігі туралы қазақстандықтар мен болашақ ұрпақтың білуге тиіс. Әскери –тарихи мұражайдың іздестіру бөлімшесі мен Қазақстанның іздестіру отрядтары мен қозғалыстары, қоғамдық ұйымдар және іздеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан. Басты мақсат – Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған және із-түзсіз жоғалған қазақстандықтардың есімдерін анықтау, олар туралы ақпараттар іздестіру, сонымен қатар ақпаратты жүйелеп, бірыңғай ақпараттар базасын құру болып табылады.