• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2020

Алматы полициясы кезекті алыпсатардан тағы бір партия дәрі-дәрмек тәркіледі

368 рет
көрсетілді

Бұл жолы дәрілерді еселеген бағасына қайта сатып пайда тауып жүрген адам Алматы қаласының Түрксіб ауданында ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық Полиция Департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Д. деген азаматшадан "Гроприносиннің" 100 пакетін, балаларға арналған "Анаферонның" 105 пакетін, ересектерге арналған 62 пакет "Анаферон", сондай-ақ ол қымбат бағамен сатуды жоспарлаған 7 "Ингавирин" пакеті тәркіленді. Ұсталған әйелден мәміледен түскен, шамамен 1 миллион теңге алынды.

Жоғарыда көрсетілген дәрі-дәрмектер тәркіленді.

Д. есімді азаматшаның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, жауапкершілік анықталады.