• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Шілде, 2020

Эпидемиолог мамандарын даярлауда 360 орын бөлінді

176 рет
көрсетілді

"Коронавирус індетімен күреске қанша медицина мамандығының түлектері қатыса алады?" - Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"46 мыңға жуық медицина қызметкері: медбикелер, санитарлар, дәрігерлер инфекциялық және провизорлық стационарларда бірігіп жұмыс істейді. Әрине, коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткішінің өсуіне байланысты реаниматологтер немесе анастезиологтер ғана емес, инфекционистер, пульмонологтер да жетіспейді", деді Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, нормативтік базаларда дәрігерлерді қайта даярлау өткізіледі. Мысалы, кардиологтерді, инфекционистерді оқыту бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ көп салалы дәрігерлер арнайы тәжірибеден өтіп, бірден инфекционист ретінде жұмыс істей бастауы үшін заңнамаға өзгерістер мен түзетулер енгізілгенін атап өтті.

Баспасөз мәслихатында спикер медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларында одан әрі жұмыс істеу үшін даярлау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Медициналық ЖОО мен колледж түлектерінен биыл 88 анестезиолог, 208 түлек - эпидемиолог даярланып шығарылады. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен медициналық жоғары оқу орындарына анестезиолог, кардиолог мамандықтары бойынша студенттерді оқытуға 200 орын бөлінді. Санитар, эпидемиолог мамандарын дайындау үшін бакалавр мен магистратурада 360 орын бөлуді жоспарлап отырмыз", деп сөзін түйіндеді Тимур Сұлтанғазиев.