Текелі қаласында қайырым жасаумен аты шыққан жомарт жан бар. Кәсібін дөңгелеткен Насыр Құрманбек есімді азамат жерлестірне әрдайым қол ұшын созып келеді. Ол қазіргідей пандемия жағдайында қайырым жасауды жиілетті, - деп хабарлайды egemen.kz.
Жақында Насыр қаладағы медициналық маска тапшылығын шешу үшін 1 млн 300 теңгеге 10 000 дана бетперде сатып алыпты. Қажетті заттарды қала әкімдігіне тапсырған кәсіпкер маскалардың бірінші кезекте мұқтаж жандарға тегін таратып беруді өтінген екен. Қазір еріктілер қалада тұратын көп балалы отбасыларға бетперде жеткізіп жүр.
Сондай-ақ, Насыр Құрманбек қалалық аурухананың дәрігерлеріне қажетті медициналық қорғаныс киімі мен бетперде сатып әперді. Жалпы, бұл жеке кәсіпкердің ауруханаға көрсеткен көмегінің басы да, соңына емес екен. Төтенше жағдай жарияланған кезде ол Текелі қаласының ауруханасына дене қызуын өлшейтін тепловизорлар тарту еткен болатын.