"Павлодар облысы аумағында Құрбан Айт мерекесін атап өту кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы" №9 қаулыны шығарды", деп хабарлайды Egemen.kz
Павлодар облысы әкімдігі, қалалар мен аудан әкімдерінің аппараттары, Полиция Департаменті, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, ҚМБД Павлодар облысы бойынша бас имамына Құрбан Айт мейрамын мерекелеу кезінде 31 шілде – 2 тамыз аралығында төмендегі әрекеттерге ТЫЙЫМ САЛЫНСЫН:
Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге; Мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға; Онлайн режимінде құрбандық шалудың жүзегі асыратындарды қоспағанда, мал союд цехтары мен мал сою пунктерінің, мал сою алаңдарының жұмысына; БАҚ құралдары арқылы құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруды ұйымдастыру туралы тұрғындар арасында түсіндірмелік жұмыстар жүргізу.