• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Шілде, 2020

Отандық вакцина: Клиникаға дейінгі сынақ нәтижелері (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес келеді)

160 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індеті іргеден сығалап тұрған карантиннің алғашқы айларында елімізде медицина ғылымын дамытуға назар аударып, бірқатар тапсырма жүктеді.

Соның ішінде алғашқы отан­дық вакциналармен танысып, одан үлкен үміт күтуге болатынын жеткізген-ді. Сәуір айында елордадағы Ұлттық био­тех­­нология орталығына бар­ған сәтінде ғалымдарға мемле­кет тарапынан қажетті көмек бе­рілетінін айта отырып, «вирус пен оның таралуы биологиялық лабо­ратория­лар­дың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмысына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті», деп атап өткен болатын.

Президенттің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Мас­ғұт Ай­қымбаев атындағы Аса қауіпті инфек­циялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министр­лігіне қарас­­­ты Ұлттық биотех­нология ор­та­лы­ғының ұжым­дарын ін­детті анықтауға арналған диаг­нос­­тикалық тест жүйесін әзір­ле­­гені­мен құттықтағаны да есте.

Қазір отандық биомедицина сала­сын мемлекеттік қолдаудың нәти­же­сінде COVID-19 коронавирус инфек­ция­сына қарсы қазақстандық вакцина сынақтан сәтімен өткізіліп жатыр. Әлем баспасөзінен пандемияға байла­ны­сты көптеген елдердің коро­на­ви­русқа қарсы вакциналарды жедел түрде жасай бастағанын білуге бо­лады. Қазақстанда да аса қауіпті ин­фек­ция­лар­ға қарсы вакциналарды әзірлеу және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастық бойынша Білім және ғылым министрлігі Ғылым ко­митетінің Биологиялық қауіп­сіз­дік проблемалары ғылыми-зерт­теу инс­ти­тутының тәжірибесі жинақ­тал­ға­нын айтуға тиіспіз. Аталған институт вакцинаны дайындауға наурыз айы­ның ортасынан бас­тап кіріскен еді. Бұл ғылыми ұйым қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу мақсатында 13 биологиялық қауіпсіздік зертханасында жұмыс істейтін еліміздің жетекші ви­русолог-ғалымдарын біріктіреді.

Қауіпті және аса қауіпті жұ­мыс­­­тар­дың барлық түрі қа­уіп­сіз­діктің 3 деңгейіндегі зерт­ха­нада (BSL-3) жүр­гізі­ле­ді. Бұл 50 жылдан астам нәтижелі жұ­мыс атқарған және вакциналарды өндіруде тәжірибесі мол, бірегей институт. Институттың зерттеулері негізінен медицина мен ауыл шаруашылығына арналған вакциналардың жаңа түрлерін жасауға, иммуно­био­­логиялық препараттарды өндіру­ге, қауіпті және аса қауіп­ті ауруларды диагностикалау үшін тест жүйелерін жасауға ба­ғыт­талған. Тек соңғы 10 жыл­дың ішінде институт аса қауіпті инфекциялар бойынша, оның ішінде «құс» пен «шошқа» тұмауына, нодулярлық дерматитке, бруцеллезге қарсы 7 жаңа вакцина жасау технология­сын дайындады. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік және иммунобиологиялық қасиеттері бойынша соңғысы осы ауруға қарсы өзге вакциналарға қа­ра­ғанда едәуір сапалы. Соны­мен қатар биыл Биоло­гия­лық қауіпсіздік проблемалары ғы­лы­ми-зерттеу институтының ғалым­да­ры түйе шешегіне қарсы вакцина жасады.

Ал COVID-19 вирусын жұқ­тыр­ған бастапқы науқастар нау­­рыз айының ортасында ғана анықталғандықтан ғалымдар патологиялық материалға тек 23 наурызда қол жеткізді. Алма­ты қаласының жұқпалы аурулар ауру­ханасында емделіп жатқан ал­ғаш­­қы науқастардан материалдар алы­нып, институт­қа жеткізілді. BSL-3 қорғау деңгейі бар зертханада био­ло­гиялық үлгілерден VERO жасу­ша­ларының культурасында SARS-CoV-2 қоздырғышы (коронавирус қоздырғышы) ретінде анықталған вирус бөлініп, оның биологиялық қасиеттері зерт­тел­ді.

Өте қысқа уақыт аралы­ғын­да жүргізілген ғылыми-зерт­теу­лердің нәти­жесінде 9 мамырда аталған инс­титуттың ғалымдары алғашқы вак­цинаны шығарды. 15 мамырда Дүние­жү­зілік денсаулық сақтау ұйымы қазақ­стандық вакцинаны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған кандидаттық вакцина ретінде тіркеді. ДДҰ-да тіркелген күні зертханалық жануарларға вакцинаның кли­ни­каға дейінгі сынақтары бас­тал­ды. Бүгінгі таңда сынақ нәтижелері ДДҰ регламенттеген барлық параметр бойынша, атап айтқанда, уыттылық, пирогенділік, аллер­генділік, имму­но­гендік ерекше­лік­теріне сәйкес вакци­наның ДДҰ мен Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Мемлекеттік фарма­ко­пея­сы­ның талаптарына сәйкес келе­тінін көрсетеді.

Сонымен қатар БҚПҒЗИ вак­­­­ци­­на­ны антиденелер титрі жоғары имму­но­ген­ді­лік­ті көр­сеткен приматтарда да сынақ­тан өткізіп жатыр. Кли­ни­каға дейінгі зерттеулер аяқ­­тал­ғаннан кейін көп ұза­май вакцинаның клиникалық сынақ­тары басталады. Сондай-ақ БҚПҒЗИ әртүрлі платформаларда тағы үш вакцинаны: СOVID-19-ға қарсы қо­сал­қы, векторлық және тірі кан­ди­дат­тық вакциналарды дайындап жатыр.

Иә, қазіргі пандемия құр­са­уын­дағы жаһан жұрты үшін іргелі ғылыми-зерттеулердің ма­ңы­зы зор. Бұл вакциналық сынақ жұмыстарының ел азамат­тарының денсаулығын сақтап, індеттен аман алып қалу тұрғы­сындағы кө­мегін күллі қазақстандықтар күтіп отыр.