• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Тамыз, 2020

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

120 рет
көрсетілді

Коронавириустің салдарынан бірнеше айға созылған үзілістен кейін теннисшілердің турнирі қайта жалғасын тауып, әлемдік рейтинг жаңартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

WTA рейтингінде қазақстандықтар арасынан ең үздік көрсеткіш әлі де Елена Рыбакинаға тиесілі. Үздіктер тізімінде ол 17 орынды иеленуде. Юлия Путинцева 33 сатыға жайғасса, Зарина Диас 64 орынды еншілеуде. Ал көш басында – аустралиялық Эшли Барти. Оны румыниялық Симона Халеп пен чехиялық Каролина Плишкова өкшелеп келеді. Сондай-ақ, "ТОП-10" ойыншының қатарына америкалық София Кенин, украйналық Элина Свитолина, канадалық Бьянка Ванесса Андрееску, нидерландтық Кики Бертенс, швейцариялық Белинда Бенчич, АҚШ-тың тағы бір өкілі Серена Уильямс және жапониялық Наоми Осака еніп отыр.

АТР рейтингінің көшін сербиялық Новак Джокович бастап тұр. Үздік ондықтың қатарында испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим, швейцариялық Роджер Федерер, ресейлік Даниил Медведев, грекиялық Стефанос Циципас, германиялық Александер Зверев, италиялық Маттео Берреттини, франциялық Гаэль Монфис және бельгиялық Дэвид Гоффин сынды саңлақтар бар. Жерлестеріміз арасында Михаил Кукушкиннің көші ілгері. Әлемдік рейтингте ол 91 орынға тұрақтады.