• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Тамыз, 2020

Қатерлі ісікке шалдығушылар қатары азамай тұр

195 рет
көрсетілді

Алматы облысы тұрғындарының арасында қатерлі ісікке шалдығушылар қатары азамай тұр.  Аймақтағы онкологиялық ахуалды екі облыстық көпсалалы дипсансер бақылайды. Оның бір Талдықорған қаласында болса, екіншісі Алматы қаласында орналасқан. Мегаполистегі диспансер негізінен облыстың оңтүстік  аймағындағы аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды egemen.kz.

Қазіргі күні Алматы аймақтық көпсалалы клиникада 8976 пациент тіркеуде тұр екен. Жалпы жыл сайын қатерлі ісікке шалдыққан 2 мыңға жуық адам есепке алынады. Ал биылғы 6 айда диспансерлік 879 адам тексеріліп, 709 тұрғыннан дерттің алғашқы белгілері анықталған.

Айтпақшы, Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың мамандары пандемия кезінде де науқастарға амбулаториялық қабылдау жүргізіп, диагностикалық зерттеу жасауды тоқтатқан жоқ.

- Жалпы онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан қауіпсіздік шараларын толық сақтай отырып, пациенттерді амбулаториялық және жоспарлы түрде қабылдауды тоқтатқан жоқпыз. Алайда жаңа тәртіппен жұмыс істеуге тура келді. Өйткені пациентке емді үздіксіз жүргізу қажет. Тіпті блок-бекеттер орнатылған кезде аудан орталығы мен ауылдарда тұратын пациенттерді клиникаға арнайы жедел жәрдем бригадалары тасымалдады. Соның нәтижесінде карантин уақытында 2593 адам толыққанды ем қабылдады,- дейді клиниканың бас директоры Саяхат Олжаев.

Сонымен қатар, аудандарда паллиативтік және мейірбикелік көмектің қолжетімділігін арттыру үшін мобильді бригадалар ұйымдастырылған. Мобильді бригаданың қызметкерлері карантин кезінде 4704 науқасқа көмек көрсеткен екен.