Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында Қазақстанның қай аумақтарында әйелдер жол-көлік апатына жиі түсетінін анықтады.
Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, былтыр жол-көлік оқиғасынан 24 585 қазақстандық зардап шеккен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 8%-дан астам (22 541 адам).
Жол апатынан зардап шеккен (соның ішінде ажалға тап болған) ерлер саны бір жыл ішінде 9%-ға өсіп, 13 666 адамды құраған. Ал көлік апатынан зардап шеккен әйелдер саны 20%-ға төмен. Олардың саны – 10 919 адам. Бұл 2018 жылымен салыстырғанда 7%-дан асады. Алайда кейбір аумақтарда зардап шеккен әйелдер саны көбірек. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында және Алматы қаласында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйелдер саны ерлер санынан 1% және 12%-дан асты. Нұр-Сұлтан қаласында зардап шеккен әйелдер саны 7%-дан аса адамға артық. Әйелдердің қатысуымен ең көп апаттық оқиғалар былтыр Алматы қаласында (2 908), Алматы облысында (1 687), Шығыс Қазақстан облысында (995) және Жамбыл облысында (889) болған. Ең азы – Солтүстік Қазақстан (163), Атырау (186) және Маңғыстау облыстарында (196).
Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мәліметтері бойынша, 2019 жылдың қаңтарынан 2020 тамызына дейін, ОГПО міндетті автосақтандыру полистерін ер жынысты жүргізушілердің 82% және әйел жынысты жүргізушілердің 18%-ы ресімдеді. Сақтандыру жағдайларын зерттеу барысында, 10 жол-көлік оқиғасының 3-і көлік жүргізуші әйелдердің қатысуымен болатыны анықталды.
Әйелдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының негізгі себептері: жол жүру барысында басқа автомашиналармен аралық қашықтықты бұзу, қарама-қарсы жолаққа шығып кету, қиылыстағы жаңылыс маневрлер немесе автотұраққа орналасу барысында өзге автокөлікке немесе артқа шегіну кезінде зақым келтіру.
Сарапшылар сондай-ақ ер жүргізушілердің де маңызды себептерін айқындады. Яғни жылдамдықты асыру, жол жүру барысында апаттық маневрлер жасау, масаң халде көлік басқару және жол қиылыстарындағы басымдылықты сақтамау.