Осыдан бірнеше ай бұрын отандық трансфузиологтардың COVID-19-бен күресте осы аурудан жазылып шыққандарды «Ауру барысында ағзаның қорғаныштық жүйесі (иммундық жүйесі) белсенді қимылдап, қоздырғыштарға қарсы тұратын антиденелер жасақтай бастайды. Ал жазылып шыққан соң жоғарыдағы антиденелер қан плазмасында сақталады. Сондықтан ондай плазманы ауыр науқастарды емдеуге қолданған уақытта науқас бойында белсенділігі төмен өз иммунитеті пайда бола бастайды да, ол иммундық жүйе толық күшіне енуіне, өз антиденелерін қалыптастыруына қажетті уақытты үнемдейді» деп, донор болуға шақырғанын жазған едік, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Енді сонау алыста жатқан алып ел АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәрі-дәрмектің сапасын қадағалау басқармасы (FDA) плазманы COVID-19-ға қарсы емге пайдалану жөнінде шұғыл рұқсат беріп, оны рәсімдеп отырғаны жайында көптеген ақпарат көздері хабардар етіп жатыр.
CNN «Плазманың емдегі артықшылығы оның болуы ықтимал қауіпінен әлдеқайда жоғары» деп Дональд Трамптың рұқсатты Ақ Үйдегі брифингте жария еткенін хабарлайды. «Мен бүгін қытайвируспен күрес бойынша тарихи мәлімдеме жасап қуанып тұрмын. Бұл сансыз адамды ажал тырнағынан құтқаратын шара», деп Трамптың мәлімдегенін РБК және Спутник, REGNUM бұқаралық ақпарат құралдары да жария етті.
Дәрі-дәрмектің сапасын қадағалау басқармасы плазмаға қатысты клиникалық зерттеулердің толық аяқталмағанына қарамастан, оның 70 мың пациентті емдеуде қоданылып, оң нәтиже көрсеткеніне қарай шешім қабылданғанын айтқан.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.