• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Тамыз, 2020

Балық шаруашылығын қолдау маңызды

119 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесіп, елдегі балық өнеркәсібін дамыту перспективаларын талқылады.

Кезінде балық шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық ведомство құру және осы саланы қолдау бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен бірқатар отырыс­тар өткізу туралы бастама көтер­гендердің қатарында болған сенатор Жайық және Қиғаш өзен­деріндегі су көлемін арттыру, шека­ралас аумақтағы Балқұдық-Қара­балық өткізу пунктінің мәрте­бесін белгілеу, сондай-ақ депутаттың өңірлік сапарлары ке­зінде азаматтар көтерген бірқатар басқа да мәселелерді сөз етті.

Үкімет басшысы Қазақстанда балық шаруашылығы комитетін құру мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді, сондай-ақ сенатор айтқан мәселелерді шешу бойынша Үкімет қолға алған жұмыстар туралы айтып бе