• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қыркүйек, 2020

Тіл курстарының жемісі

441 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мем­лекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қаты­нас­тар­дың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік бас­қару, заң шы­ғару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан хал­қын топтастыру­дың аса маңызды факторы болып табылатын мем­ле­кеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір аза­ма­тының парызы» деп біздің алдымызға нақты міндет қойып отыр.

Тіл туралы айтқанда, мемлекет­тік тіл – ана тіліміз үнемі ойы­мыз­дың бір бөлігінде тұратыны анық. Қазіргі таңда қазақ тілі өсіп-өркендеу жолында. Еліміз­дің барлық ұйымдарында іс жүр­гізу, құжаттар хаттау мемлекет­тік тілде жүзеге асырылуда. Алматы қала­сының Полиция депар­таментінде Қазақстан Республи­касы­ның «Қазақстан Республи­касын­дағы Тіл туралы» заңының және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары талаптарын орындау бойынша белгілі бір бағытта біршама жұмыс атқарылуда. Алматы қаласының По­ли­ция департаментінің Құ­жат­тамалық қамтамасыз ету бас­қар­масында (кеңселер) шығыс құжаттар қазақ тіліндегі нұсқасы болмаса қол қою­ға, тіркеуге қабыл­данбайды да.

Полиция департаментінің бас­қар­малары мен бөлімшелерінде мем­лекеттік тілді жеделдете оқыту курстарында бес – қарапайым (А1), базалық (А2), орта (В1), ортадан жоғары (В2), жоғары (С1) дең­гейлер бойынша оқытылады. Бір ғана мысал, оқыту курс­тарынан алған білімдері нәти­жесінде мем­лекеттік тілде іс жүр­гізіп отыр­ған өзге ұлт өкілі, Кри­ми­нал­дық полиция басқармасы бөлім­шесінің бас­тығы полиция майоры Алексей Стрельцов өзінің жұмыс нәтижесін қазақ тілінде баяндап, бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінде сұхбат беріп отырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 29 маусымдағы «Ана тілі» газеті тілшісіне берген сұхба­тын­да ұлт басылымының ұлттық мүд­деге беріктігін, ана тілімізге жа­н­а­шырлық танытып келе жатқа­ны­на ризалығын білдіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін арттыру мәселесі жөнінде өз ойларын ортаға салды. «Қазір – аз сөйлеп, көп іс тын­ды­ратын шақ» екенін, қазақ тілін дамыта түсу үшін мемлекеттік тіл­ге деген қажеттілік тудыратын тетіктерді санамалап көрсете келе: «Мұндай астары қалың, ел тағ­дырын шешетін іргелі істе асы­ғыс­тыққа жол бермеу керек. Қайта әрбір әрекетімізді ақылға салып, мойнымыздағы тарихи жауап­кер­шілікті барынша сезіне оты­рып жұмыс істегеніміз дұрыс. Осын­дай өркениетті қадамдардың нәти­жесінде ғана қазақ тілі ғылым тілі­не айналады» деп, қазақ тілін білу­ге ұмтылған әр адамды, соным­ен қатар қазақ тілінің деңгейін ұлтара­лық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектесетін өзге ұлт өкілдерін де қолдай түсу керектігін қадап айтты.

Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі – мемлекеттік тіл өр­кендеуі қажет, оған тек қазақ хал­қының ұрпақ­тары ғана емес, бүкіл Қазақ елінде өмір сүріп жатқан адамдар да үлесін қосуы керек. Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазан­дағы №689 қаулысы бойынша бекітілген 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті басшылығының бастамасымен жыл сайын тіл саясатын насихаттау, полицейлерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, тілге деген құрметін арттыру, қызметте және қызметтен тыс мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ полиция мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында «Парасатты полицей» республикалық бай­қауы өткізіліп тұрады. Биыл эпи­де­миялық жағдайға байланыс­ты адамдар көп жиналатын іс-шара­лар өткізуге тыйым салынған. Дегенмен де Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудегі атқарылған игі істер барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруде.

 Сөзімізді қорытындылай келе, қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Сондықтан ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақ­стан азаматы жүрегімен ұққаны жөн. Қазақ тілінің өшпес рухы асқақтай берсін. Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті өмірде де көтерейік деген тілектеміз.

 

Гүлнұр ЗАМАНБЕКОВА,

қалалық полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы ішкі коммуникациялар тобының жетекшісі

 

АЛМАТЫ