• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Қыркүйек, 2020

Медицина қызметкерлерін қолдау жалғасады

484 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты бүгінгі Жолдауында медицина қызметкерлерін қолдау бағытында көп бастамалар көтерді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетіл­гендей, 2023 жылы дәрі­гер­лердің жалақысы елі­міздегі орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады. Биылғы ІІ жар­тыжылдықта пандемиямен күрескен медицина саласының мамандарына көтермелеу ре­тінде қазынадан 150 млрд теңге қосымша қаражат бөлінеді. Ал 2025 жылға қарай еліміз бойынша 20 заманауи медициналық орталық салынады. Сонымен бірге індет кезінде аса қажеттілік тудырған эпидемиолог, реаниматолог, пульманолог, инфекционист, кардиолог сынды мамандар даярлауға көбірек көңіл бөлінбек. Мемлекет халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа ұлғайтуды қолға алады. Сонымен қатар шалғайдағы ауылдарда халықтың денсау­лығын жақсарту мақсатында транспорттық медицинаны дамыту жүзеге асырылады.

Осынау игіліктер келешекте отандық денсаулық сақтау саласын өрге бастырады деген ойдамыз. Жалпы, медицинаның ұлт болашағында маңызды рөл ойнайтынын пандемия анық көрсетіп берді. Сондықтан Президенттің Жолдауда бұл салаға айрықша тоқталуы елдің келешегіне деген қамқорлықты білдіреді.

 

Гүлнар ҚҰРМАНБЕКОВА,

Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері

 

ШЫМКЕНТ