• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қыркүйек, 2020

Велошоссе: 2020 жылғы әлем чемпионаты Италияда өтеді

105 рет
көрсетілді

Велошосседен әлем чемпионаты үстіміздегі жылдың 24-27 қыркүйек аралығында Италияда өтетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Негізі айтулы доданы Швейцарияның Берн мен Цюрих қалалары қабылдауға тиіс еді. Алайда жер жаһанды жайлаған коронавирус деретінің өршуіне байланысты айтулы елдің өкілдері бастапқы райларынан қайтты. Содан әлем чемпионатын ұйымдастыруға Біріккен арабтар әмірлігі, Оман және Катар сынды мемлекеттер ниет білдірді. Бірақ таңдау Италияға түсті.

Биылғы жарыс қысқартылған бағдарлама бойынша өтеді. Яғни, бұл бәсекеде тек элиталық топқа жататын велошабандоздар ғана бақ сынайды. Жарыстың алғашқы екі күнінде жекелеген сайыста ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынса, соңғы екі тәулікте топтық сайыстар өтеді.