• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 07 Қыркүйек, 2020

Ғылым алдындағы міндеттер ауқымды

270 рет
көрсетілді

Алтыншы сайланған Парламенттің кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдауын халыққа ұсынды.

Бұл Жолдауда Президент халық алдында тұрған өзекті де өткір мәселелерді көтерді. Бұл – үлкен стратегиялық маңызы бар құжат. Ендігі мәселе – осы тапсырманы жү­зеге асыру. Қ.Тоқаев әр сала бо­йынша не істеу кере­гін көр­сетіп берді. Оны жүз­еге асы­ру халқымыздың ұйым­шыл­дығы мен іскерлігіне байланысты.

Мемлекет басшысы ғылым­ды дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Ғылымды қар­жыландырудың және қол­дау­дың маңызды көзі – ірі кәсіп­орындардың, әсіресе шикі­зат саласындағы компания­лардың қаражаты. «Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат ком­паниялардың ішінде бөлініс­ке түсіп кетеді. Үкіметке осы қара­жатты жинақтау ісін орта­лықтан­дыруды және оны бюджет арқылы жалпыұлттық ғылы­ми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын», деді Президент.

Осы тұрғыдан алғанда, біз, отандық ғылым өкілдері ірі же­текші компаниялардың және жекеменшік кәсіпорындардың ғылым саласына нақты үлес қосуы қажет деген Мемлекет бас­шы­сы­ның ұсынысын қызу қол­­дап, қуаттаймыз. Шынды­ғын­да бүгінгі таңда елдегі жеке бизнес өкілдерінің ғылым­ды дамытуға қосып отырған үлесі 20 пайыз ғана. Ал әлем­нің дамыған елдерінде бұл көр­сеткіш 70-80 пайызды құрайды.

Жолдауда ғылым саласын дамыту туралы  Мемлекет басшысы бірқатар мәселені алға қойды. Бұл салада бізге тың көз­қарас пен жаңа тәсілдер керегін айтты. Сондай-ақ халық­аралық тәжірибеге арқа сүйеу қажет деді. Үкіметке жыл са­йын әлемнің жетекші ғылыми ор­та­лықтарында 500 ғалым­ның тағылымдамадан өтуін қамта­масыз етуді тапсырды. Сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлуді тапсырды.

Ғылым саласын дамыту үшін Мемлекет басшысы алға қойған маңызды шараларды жүзеге асыру бағытында біздің институт ұжымы ауқымды іс ат­қарады. Алдымызда жастарды ғылым саласына тарту, ынталандыру секілді міндеттер тұр.

Бұл Жолдауда «Жауапты мемлекет, жауапты қоғам, жа­­уапты адам» деген тұжырым­дама көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл қағиданы жүзеге асыру – халқымыздың іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты. Басты мәселе – әрбір істің нәти­жесі болуы тиіс.

Қазіргі сын сағатта ынты­ма­ғы жарасқан халқымыз орын ал­ған ауыртпалықты лайықты көтере білді. Дағдарысқа қарсы шара­лар қабылданып, індетті жеңу­ге қыруар қаржы бөлінді. Дүние­­жүзілік денсаулық сақ­тау ұйы­мының мәліметі бойын­ша ін­дет әлі екі жылға созылуы мүмк­ін. Демек, еліміз бұл жағдай­ға дайын болып, қан­дай аурт­палық болса да қиын­дықт­ы жеңуге қарсы шаралар­ды қолға алуымыз керек. Сондай-ақ жаңа нарыққа дайын болу ке­рек. Мемлекет тарапынан әлеу­мет­тік-экономикалық салаға алдағы үш жылға 1 трлн теңге бөлінбек.

Бұл Жолдау – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің  берік негізі.

 

Ақан БИЖАНОВ,

Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры,  ҰҒА корреспондент-мүшесі, саяси ғылымдарының докторы, профессор

 

АЛМАТЫ