Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Имтиаз Ахмад Қазиді қабылдады. Елші Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмед Курешидің жолдауын табыстады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.
Тараптар Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясы 9-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті (2020 жылғы 27-28 ақпан, Исламабад).
Сондай-ақ, халықаралық алаңдарда, соның ішінде АӨСШК, ИЫҰ және т.б. аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасылды.