• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 08 Қыркүйек, 2020

Ел мүддесін көздеген құжат

181 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезек күттірмейтін өзекті мәселелерге баса назар аударылған және олардың шешу жолдары көрсетілген, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындаған жаңа Жолдауын жариялады.

Жолдауда белгіленген шара­лардың міндетті түрде іске асуы керек екенін халық та же­те түсініп, оны үлкен үміт­пен күтетіні белгілі. Себебі осы маңызды құжат арқылы Пре­зи­дент Парламентке, Үкімет­ке, орталық атқару орган­дары мен сот және құқық қор­ғау жү­йе­сінің лауазымды тұлға­ларына нақты тапсырмалар жүктейді.

Ал биылғы Жолдаудың ор­ны тіптен ерекше. Төрткүл дүние пандемияның кесірінен бұ­рын-соңды болмаған ауыр кезеңді бастан өткізуде. Ке­сел­дің күрделі болғаны сонша, көптеген мемлекет әлі де оның құрсауынан толық шы­ғып үлгерген жоқ. Бұл індет біз­дің елімізге де айтарлықтай зала­лын тигізді. Одан тек аза­мат­­тар­дың денсаулығы мен өмі­р­­іне қатер төніп қана қой­май, мың­даған шағын, орта, ірі кә­сіп­­керліктер, өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы сала­­лары, білім беру ісі мен ден­­саулық сақтау жүйесі бұ­рын-соңды болмаған ауырт­па­лық­ты сезініп отыр. Табысымыз тө­мендеп, әлеу­меттік жә­не қар­­жы­лық мәсел­елері күр­де­леніп кетті.

Міне, осындай жағдайдан әркім өз бетінше жол тауып шығудың амалын қарастырып жүр­ген сәтте Мемлекет бас­шысының Жолдауы әр қа­зақ­­стан­дықтың болашаққа деген се­німін күшейтіп, қайра­ты­на қайрат қосып отыр. Сон­дық­тан бұл Жолдау дер кезін­де жарық көрген өте құнды тарихи құжат болды деуіміз керек.

Әрине, төтенше жағдай мен карантин жарияланған сәт­тен бастап Үкімет тарапы­нан халыққа көмек көрсету жұмыс­тары белсенді жүргізілуде. Би­лік пен халықтың өзара түсі­ні­гінің арқасында біздің мем­лекет бұл кеселдің бетін қай­­тарып, тиімді іс-шараларды бекі­тіп үлгерді. Қалай болғанда да «сақтықта қорлық жоқ» де­мек­ші, бәріне дайын болға­ны­мыз абзал. Бұл ретте, Жол­дау­дың мәні де ерекшелене түсті. Әсіресе өсіп-өну жолында Елба­сының «Бес институттық ре­форманы жүзеге асыру жө­ніндегі Ұлт жос­парын» не­гіз­гі бағыт-бағдар етіп, ел-жұрт­т­ың дәулетті өмір сүруіне мүм­кіндік жасап, олар­дың конс­титуциялық құқық­тарын қор­ғауға, заң үстем­дігін қамта­ма­сыз етуге, сыбай­лас жем­қор­­лыққа қарсы бірігіп күрес жүргі­зуге жұмыс қарқын­дайты­ны айтылды.

Ел мүддесін көздей отырып қабылданатын маңызды іс-шаралар мен құжаттарды ай­қындайтын және қажетті ре­формалармен айналысатын Стратегиялық жоспар­лау және реформалар агентті­гінің құрылуына мол сеніммен қарауға болады. Ендігі ретте, мемлекеттік және квазимем­лекеттік ұйымдардың қызме­т­кер­лерін қысқартатын, кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілігі мол, адал және жемқорлыққа қар­сы тұра алатын мамандарды қалдырып, олардың еңбек ақы­сын еселеп өсіру мәселесін ше­шетін уақыт жетті.

Жолдауда ауыл шаруа­шы­лы­ғын дамытып, отандық өнімдердің бәсекеге қабілет­тілігін арттыруға бағытталған тапсырмалар өте орынды. Жер емген, мал асырап, жеміс-жи­дек өсірген кәсіп иелеріне ұзақ мер­зімге төмен пайызды несие берілуіне, олардың жиған өнім­дерінің лайықты бағамен сатылуына жағдай жасалса дейміз.

Сонымен қатар Жолдауда экология мәселесіне ерекше назар аударылды. Әсіресе та­биғатты қорғау жұмыстарына жас жеткіншектерді тарту жө­нін­дегі тапсырманы бүгінгі күн­нің өзекті мәселесі деп айтуға болады.

Жолдауда айтылғандай, аза­маттардың құқығын қорғау органдары мен сот жүйесіне талапты күшейту тапсырмасы іске асырылып, отандастарымыз бос әуреге салынбаса, әділдікке қол жеткізетін болса, мемлекет пен заңға деген сенім артатыны сөзсіз.

 

Рамазан СӘРПЕКОВ,

профессор, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры