
Мәскеудің Шереметьево әуежайынан ұшып шыққан Boeing жолаушылар ұшағы Bombardier Challenger бизнес ұшағымен соқтығысып қала жаздады. Бұл туралы Dni.ru хабарлады.
Ұшақтардың арасында бар болғаны 450 шақырым қашықтық қалған еді. Абырой болғанда, ескерту жүйесі іске қосылып, қауіптің беті қайтарылды.
Boeing жолаушылар ұшағы Мәскеуден Архангельск қаласына қарай бағыт алған болатын. Ал оның қарсы алдынан шыққан Bombardier Challenger ұшағы Санкт-Петербургтан Домодедово әуежайына қайтып келе жатқан еді.
«Ұшақтардың ара қашықтығы шамамен 450 шақырымды құраған. Ұшақтағы ескерту жүйесі іске қосылғаннан кейін, ұшқыштардың сауаттылығының арқасында қауіптің беті қайтарылды», – деп мәлімдеді Мәскеу торабының әуе диспетчерлері.
Айдар Өрісбаев.