• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 14 Қыркүйек, 2020

Мемлекет – тиімсіз шаруагер

484 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мемлекет – тиімсіз шаруагер деген қағида аксиомаға айналды», деген болатын.

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агент­тікті құруға шын мәнінде өткір қажеттілікті байқап отыр­ғанын аңғартты. Эконо­ми­калық зерттеулер институты бә­секелестік мәселелері бо­йын­ша өзінің зерттеулері мен тал­дамалық жазбаларында мо­нополияға қарсы органға елдің бірінші басшысына тікелей ба­ғынатын құқық қорғау органы мәртебесін беру туралы мәселені бірнеше рет көтерді.

Бәсекелестік дамыған көп­теген елде монополияға қарсы орган тергеу жүргізу кезінде үлкен өкі­леттіктерге ие құқық қорғау ор­га­ны ретінде құрылады және жұ­мыс істейді (мысалы, «таңдағы рейд­тер» және жауап алуды жүр­гізетін Ұлыбританияның мо­но­полияға қарсы органдары (СМА); Еуропалық комиссия жанындағы монополияға қарсы заңна­маның бұзылуын тергеу жө­нін­­дегі арнайы топ; Канада (Com­­petition Bureau Canada); Аус­тралия (Australian Competition and Consumer Commission) және т.б.).

Бұл ретте Қазақстандағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктің қызметі ашық әрі тиімді болуы тиіс деп санаймын. Ол үшін агенттік тергеудің басталуы туралы баспасөз хабарламаларын жария­лауы, өзінің интернет-порталында жүргізілген тергеулер жөнінде есептердің нұсқаларын ашық және қолжетімді орналастыруы, сондай-ақ сапалы тергеу жүргізу үшін экономикалық талдау әдістерін белсенді пайдаланып, қоғамдық тыңдауларды үнемі өткізумен бірге бәсекелестік мәселелері бойынша жеке сот (Трибунал) құрылуы қажет деп санаймын.

Сол секілді ел экономикасына мемлекеттің қатысуын азайту үшін «бәсекелестік бейтараптық» қағидатын ілгерілетуі тиіс.

 

Ерлан КӘРІМОВ,

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жетекші сарапшысы