• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Қыркүйек, 2020

Қор қолдау көрсетті

308 рет
көрсетілді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын жүзеге асыру үшін елордалық кәсіпкерлерге демеу көрсетуін жалғастыруда.

«Даму» қоры Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Нұрсұлтан Абдолланың айтуынша, биыл елорда кәсіп­керлерінің 82 жобасы субсидиялау түріндегі қолдауға ие болған. Сондай-ақ 92 жобаға қордың атынан кепілдік берілді. Бұдан бөлек «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде екі жыл ішінде 19 жобаға 19,3 млрд теңге көле­мінде қолдау көрсетілген. Қара­жатты шартталған түрде орналастыру бағдарламасы аясында 35,66 млрд теңгеге 403 жоба қаржыландырылыпты.

– Қазір қор негізінен төрт мем­лекеттік қолдау шарасын ұсынуда. Атап айтқанда, кепіл­дік беру, субсидиялау, жеңіл­детілген несие және консультация қызметі, – дейді Нұрсұлтан Абдолла.

«Дамудың» қолдауына ие бол­ған компаниялардың қа­та­рында астаналық «ТАЛ Ин­жи­ниринг Қазақстан» ЖШС бар. Компания аулалар мен көшелерге төселетін тас плита өндіреді. Сондай-ақ эко­ло­гия­лық тұрғыдан таза пакет өн­діретін «Eco Friend» ЖШС мен сабын және жуғыш заттар шығаратын «Арко Групп 2011» компаниясы да «Даму» қоры­ның игілігін көруде. Үш кәсіп­орын қор тарапынан берілген қар­жыға өндірісті ұлғайтып, қыз­мет көрсетуді одан әрі же­тіл­д­іруге мүмкіндік беретін жаңа жабдықтар сатып алған.

Бетоннан түрлі тас плита өндіретін «ТАЛ Инжиниринг Қазақстан» ЖШС 2018 жылы «Даму» қорынан қолдау сұрай келіпті. Дәлірек айтсақ, компания басшысы осыдан екі жыл бұрын тас плита өндіретін жаңа зауыт ашу үшін банкке жүгінеді. Оған өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қол­дау бағдарламасы бойынша несие беріледі. «Даму» қоры­ның қолдауымен жылына 6 пайыз­дық мөлшерлемемен несиеге берілген өтінімі мақұлданады. Сөйтіп бетон өңдейтін заманауи бұйымдар мен ғимараттардың қасбетін жасайтын жабдықтар кешені сатылып алынған.

Нұр-Сұлтан қаласында сабын және жуғыш заттар өнді­ретін жалғыз кәсіпорын бар. Ол – «Арко Групп 2011» ЖШС. Ком­пания бірнеше жылдан бері «Даму» қорының же­ңіл­детілген не­сиесінің игі­лі­гін көріп ке­ле­ді. Се­рік­тестік қол жуа­тын сұ­йық сабын, сусабын, ыдыс, еден, әйнек жууға арналған құралдардың бір­неше түрін шығарады. Ке­йін компания өнімдері елор­да су­пер­маркеттеріне, мейрам­ха­наларға, химиялық тазарту орта­лықтарына, тұрмыстық химия дүкендері мен автокөлік жуатын орындарға жеткізіледі. 

– Төртінші жыл қатарынан «Даму» қорының қолдауына ие болдым. Атап айтқанда, айналым капиталын қаржыландыру, БЖЗҚ қаражаты есебінен шағын және орта бизнес қарыздарын қайта қаржыландыру, «Даму Аймақтар III» және «Бизнес­тің жол картасы-2025» ша­ғын және орта бизнес субъек­ті­лерінің өңірлік жоба­ларын қар­жыландыру бағдар­лама­ларының игілігін көрдім. Беріл­ген қарыз бойынша пайыздық мөл­шерлемені субсидиялай отырып, төмендетілген сый­ақы мөлшерлемесімен жеңіл­детілген несие алдым. Сондай-ақ қарыздарды ресімдеу кезін­де кепілдік базасының жеткі­ліксіздігіне байланысты кепілдік беру құралын пайдаландым. Жақын уақытта тех­нологиялық конвейерлік желі­ні автоматтандыру үшін жаб­дықтар сатып алуды жоспар­лап отырмыз. Өнімді сақ­тау үшін суытылатын қойма ғима­ратын салуға тағы да «Даму» қорына жүгінбек ойымыз бар, – дейді «Арко Групп 2011» ЖШС директоры Аслан Смаилов.

«Eco Friend» ЖШС «Даму» қорының 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыс­пен қамту және жаппай кә­сіпкерлікті дамыту бағ­дар­ламасы бойынша жеңілдікпен алғаш рет несие алыпты.   

– Жыл басында өндірістік қуат­ты ұлғайтып, бұрын ішін­ара қолмен реттеліп келген процестің бүкіл циклын автоматтандыру үшін тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін өн­діруге қосымша жабдық қа­жет болды. Біз «Даму» қоры­ның ас­таналық филиалына жүг­ініп, мем­лекеттік бағдарлама бо­йын­­ша несиеге өтінім бердік. Осы­­лайша, 5 жылға жылына 6 пайыздық жеңілдетілген мөл­шер­лемемен 20 млн теңге қа­рыз алдық. Кепілдік базасы жет­кі­ліксіз болғандықтан, қор не­сие сомасының 85 пайызына ке­піл­дік берді, – деді «Eco Friend» ЖШС басшысы Қуаныш Жапақов.

Компания шығаратын өнім­нің шикізаты толықтай целлю­лозадан тұрады және бір­неше рет қолдануға, өңдеу­ге жарам­ды. «Eco Friend» өнім­дерін елор­­да супермаркет­тері­нен та­­бу­ға болады. Астаналық­тар­­дан бөлек, биопакеттерді Пав­ло­­дар және Алматы халқы да тұтынуда.

«Даму» демеген елордалық компаниялардың жұмысында ілгерілеушілік байқалады.