«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы өз қызметкерлеріне, олардың өмірі мен тұрмысына қамқорлық танытып келеді. Әсіресе, шалғай және ерекше маңызды стансаларда жұмыс істейтін қызметкерлер туралы сөз қозғағанда осыны айтуға болады.
Жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» Достық стансасындағы 68 үйді жөндеу бойынша мердігерлер «Рим строй сервис» ЖШС және «Sunkar Construction Group» ЖШС келісімшарттар жасасты. Сондай-ақ «Теміржолсу» ЖШС 59 көппәтерлі тұрғын үй жертөлесінің ішкі инфрақұрылымын ауыстыру жөніндегі ағымдағы жөндеу туралы келісімшартқа қол қойылды.
«Пандемияға және осындай қиын уақытқа қарамастан, барлық жұмыс мерзімінде атқарылуда. Ең бастысы, адамдарға жайлы да жылы болуы тиіс. Қазір бұған дейінгі жөндеу көрмеген кезбен салыстыруға келмейді. Әлдеқайда әдемі де күтім көрген күйге енген. Үйлердің қасбеттері тіпті де танымастай өзгерді. Тұрғындарға өте ұнайды», деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі» филиалы директорының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Болат Жадранов.
Жалпы, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін дамытуда Достық стансасының маңызы ескеріле отырып, оған ерекше назар аударылуда. Достық стансасы барған сайын дамып келеді, мұнда көптеген жас мамандар келуде. Қазіргі жағдайға қарамастан, компания шалғай стансалардағы лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етіп, өз қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қаражат қарастыруда, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.