• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2020

К.Надыров: Пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесін басқарудың жаңа үлгісі жасалды

217 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыров мегаполисті коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына дайындау аясында жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалада COVID-19 вирусымен ауырған 14 328 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде жаңа 3 жағдай анықталды. Бүгінгі күні 13 941 адам сауығып шықты, яғни 97,5 пайызды құрайды. Коронавирустан қайтыс болған адамдар саны — 270 құрады.   "Бүгінгі таңда жағдай тұрақты деп бағалануда және COVID-19 вирусына қарсы күрес жөніндегі қалалық штабтың толық бақылауында. Жағдайды тұрақтандыру үшін біз жүйелі шаралар кешенін қабылдадық. Пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесін басқарудың жаңа моделі әзірленді", деп хабарлады К.Надыров. Қала бойынша төсек-орын қуаты 6211 төсек-орынға арналған 27 ковидтік клиника және 250 реанимациялық клиника дайындалды.   Қазіргі уақытта 1923 төсек-орынға арналған 17 клиника жұмылдырылды, резервте 4288 орын бар. Түрксіб ауданында 500 төсек орындық ауруханалар пайдалануға берілуде, қазан айында 300 төсек орындық заманауи, жаңа модульді емхананың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ қуаты 215 төсек орындық екі жеке меншік емхананың ашылуы аяқталу сатысында тұр.   "Соңғы үш айда инфекциялық төсек-орындар саны екі есеге артты және 1 қазанға қарай ковидтік стационарлардың төсек-орындар сыйымдылығы 7226 төсек-орынды құрайды. Эпидемия бәсеңдеп, тынышталған кезде клиникалар жұмысы тоқтап қалмайды, олар штаттық режімде жұмыс істеп, халыққа түрлі бағытта медициналық көмек көрсететін болады", деп толықтырды Басқарма басшысы.   Одан әрі ол қаладағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берген жасақталған жүйелі шараларға тоқталды.   "COVID-19, ЖРВИ, ауруханадан тыс пневмониясы бар пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмі жетілдірілді. Енді жедел жәрдем осы категориядағы пациенттерді ауруханаға жатқызуда жалғыз механизм болып табылады. Өзі өтініп келген науқастарды жатқызуға тыйым салынған", деді К. Надыров.   Бұл инфекциялық ауруханаларға госпитализацияны оңтайландыруға мүмкіндік берді. Шығуға қызмет көрсету кезінде үйдегі жедел жәрдем бригадасы науқастың ауырлығын арнайы әзірленген бақылау парағы бойынша бағалайды және науқастың жағдайына байланысты оны ауруханаға жеткізеді. Бұл ретте стационарға, науқас ауруханаға бара жатып, КТ-ға тексеру жүргізіледі. Ол үшін қалада барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылған арнайы КТ орталықтары анықталды (таза және лас ағындарға бөлу). Осылайша, науқас ауруханаға түскен кезде қолында КТ зерттеу нәтижесі бар, бұл терапияны қабылдау кезінде бірден бастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қабылдау кезінде ПТР-тест сынағы алынады. Мұның барлығы ТМККК аясында тегін көрсетіледі. Сонымен бірге К.Надыров резерв құру және COVID-19 жағдайында жұмыс істеу үшін мамандарды дайындау мәселесіне тоқталды.   "Бүгінгі таңда алдыңғы қатарда мыңнан астам, оның ішінде дәрігерлер, орташа және кіші медициналық персоналмен бірге, басқа да қызметкерлер бар. Дерт өршіген кезде алдыңғы шепте 4500-ден астам медицина қызметкері еңбек етті. Біздің тарапымыздан 2515 қызметкерден кадрлық резерв жасалды, олардың ішінде дәрігерлер, орташа және кіші медициналық персонал бар", деп атап өтті К. Надыров.