• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Қыркүйек, 2020

ШОБ саласында дағдарысқа қарсы қандай шаралар бекітілді?

193 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда салық саласында толық ревизия жүргізіледі. Сондай-ақ 2022 жылға дейін жаңа салық кодексі әзірленетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет, "Атамекен" ҰКП тарапынан да кәсіпкерлерді қолдау бойынша көптеген шаралар қолға алынды. Мысалы, салық салу саласында бірқатар жеңілдік жасалды.

Шағын және орта бизнес маусым айына дейін салықтан босатылды, ал жалақы төлемінен салық төлеу бойынша қиындықтар көріп отырған кәсіпкерлерге төлем жасау мерзімі бұрын 1 қазанға дейін белгіленсе, енді мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін ұзартылды. Бұдан басқа, мәжбүрлі демалысқа кеткен кәсіпкерлерге 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленді.

Банктерден несие алған кәсіпкерлердің 40 пайыздан астамы несие төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болды. Несие төлеуден босату мерзімі бұрын 1 қазанға дейін болса, қазір жыл соңына дейін ұзартылды.