• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2020

Қарағандылық тонаушы 25 минутта қолға түсті

162 рет
көрсетілді

8 қазан күні Қарағанды қаласының Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне  26 жастағы азамат белгісіз біреудің ұялы телефонын тартып әкеткені туралы хабарлаған.

Шығын көлемі 50 мың теңгені құрады. Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына жәбірленуші күдіктінің түр-түсін және киген киімдерін сипаттап берді. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 25 минуттан кейін  осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азамат ұсталып, одан жәбірленушінің ұялы телефоны алынып, иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.