Бүгін Раймон Копа, Хавьер Сотомайор, Пол Пирс және Яан Торп сынды саңлақтардың туған күні, олардың барлығы да әлемдік деңгейде мойындалған.
Франция футболшысы Раймон Копа әр жылдары өз еліндегі «Анже» мен «Реймсте» және Испанияның «Реал Мадрид» клубтарында ойнады. 1958 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, қарт құрлықтың ең үздік ойыншысына тиесілі «Алтын допты» иеленді. Көзі тірі болғанда Раймон ақсақал бүгін 89 жасқа толар еді. Әйгілі шабуылшы осыдан үш жыл бұрын қайтыс болды. 2007 жылы «Анже» ойнайтын стадионға оның есімі берілді.
Хавьер Сотомайор
Ал қалған туған күн иелері дін аман. Кубаның даңқты жеңіл атлеті Хавьер Сотомайор 53 жасқа толып отыр. Ол – Барселона Олимпиадасының жеңімпазы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы және екі дүркін күміс жүлдегері. Бойы 2 метрден асатын Пол Пирс 43 жасты еңсерді. Кезінде «Бостон Селтикс», «Бруклин Нетс», «Вашингтон Уизардс» және «Лос-Анджелес Клипперс» сапында өнер көрсеткен ол 2008 жылы Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) чемпионы және финалдық ойынның ең құнды ойыншысы болды.
Пол Пирс
Яан Торп