• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қазан, 2020

Мобильді топтар 60-тан астам шағын және орта бизнес субъектін тексерді

158 рет
көрсетілді

Мобильді топтар карантин режимін сақтау бойынша шағын және орта бизнес өкілдеріне күнделікті рейдті жалғастыруда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

12-13 қазан аралығында 66 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде 15 шектеу және карантин шараларын бұзу анықталды.

«Рейд барысында жұмыс режимін бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: Түркістан, 10; Таха Хусейн, 11; Петрова, 28 көшелеріндегі көлік жуу орындары сағат 23: 40-тан кейін жұмыс жүргізген. Достық, 7 көшесіндегі «Сексеуіл» мейрамханасы, Дүкенұлы, 36 көшесіндегі «Шымкент» кафесі, Республика даңғылы, 27-дегі «DoDo Pizza» пиццериясы да сағат 22: 00-ден кейін жұмыс жасаған. Сонымен қатар нысанда антисептик қойылмаған», – делінген хабарламада.

Сатушылардың маска тағу тәртібін бұзуы, антисептик, арақашықтық белгілерінің, дезинфекциялық төсеніштің, сондай-ақ кіре берісте келушілер термометриясының болмауы келесі нысандарда анықталды: Бөгенбай батыр, 6/5 көшесіндегі «Эталон» сауда-құрылыс базары; Бөгенбай батыр даңғылы, 8/1а мекен-жайы бойынша азық-түлік сататын дүңгіршек; Қосшығұлұлы к-сі, 9 үй «Солтүстік» сауда үйі; «Астана Тазалық» ЖШС; Алматы, 6 көшесіндегі № 54 балабақша; Сауран, 7 көшесіндегі ХҚКО; Сауран, 1 көшесіндегі гүл дүкені; Ұлы Дала, 25 көшесіндегі «Life» сұлулық салоны.

Сондай-ақ тыйым салынғанына қарамастан, өз қызметін жүзеге асыратын нысандар анықталуда. Атап айтқанда, бұзушылар арасында – Қ.Сәтпаев 22 көшесіндегі «Тема» компьютер клубы, онда 35 адам болған, Кенесары, 47 көшесіндегі «Мафия» компьютер клубы.

Барлық анықталған заң бұзушылықтар Нұр-Сұлтан полиция басқармасы қызметкерлерімен тіркеліп, рапорт жасалды. Кейін материалдар қарау және әкімшілік шаралар қолдану үшін қалалық ТКҚСҚБ аудандық басқармаларына жіберіледі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушыларға бірнеше ай ішінде 133 миллион теңге айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту мақсатында елордада рейд шаралары өткізілуде. Жауапты адамдар азаматтарды маска тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау және санитайзер қолдануға шақырады.