• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Қазан, 2020

Тексеру сауатты болса, қаражат тиімді жұмсалады

208 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облыстық бюджет қаражатының дұрыс орындалуын тексеру жөніндегі Тексеру комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуына қарағанда, осы жылғы тексеріс нәтижесінде 1 млрд 163 млн теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтері облыстық бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілген.

Соның ішінде Тексеру комис­сия­сы 2020 жылдың бірінші жарты­жыл­дығында 23 объектіде 3 аудиторлық және 3 сараптамалық-талдау іс-ша­ра­сын өткізді. Тиімділік аудиті 100 па­йызды, ал жоғарыда көрсетілген іс-ша­раларды жалпы қамту – бюджет қара­жаты мен мемлекет активтерінің 15 млрд теңгесін құрады.

Сыртқы мемлекеттік аудиттің пай­дасы зор екендігі практикада көрі­ніп отыр. Бұл квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік ор­ган­дардың бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін дұрыс жұм­сауын бағалауға мүмкіндік береді. Осы аудиттік іс-шаралардың қоры­тындысы бойынша биыл алғаш­қы жартыжылдықта заңбұзушы­лықтардың жалпы сомасының 30%-ын қар­жы­лық бұзушылықтар құрай­тыны анық­талды. Бұл, біздің ойымыз­ша жұмыс тиімділігін көрсеткен жақ­сы көрсеткіш.

Сондай-ақ өткен жылы қаржы­лық бұзушылықтары 2018 жылмен салыстырғанда 28%-ға төмендегенін атап өту қажет. Бұл – жергілікті атқа­рушы органдарда қаржылық тәртіп­тің нығайғанын көрсетеді. Ал 2020 жылдың 6 айында 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бюд­жет қаражаты мен мемлекет активтерінен 13 млн теңге ар­тық қалпына келтірілген. Бұл қар­жы­лық тәртіп нығайғанымен бюджет қаражаты шығыстарының бұзушылығы азаймай отыр деген сөз.

2020 жылдың алғашқы жарты­жыл­дығында облыстық бюджеттің түсімдері 122 354,8 млн теңгеге жос­парланған болса, ол іс жүзінде 137 275,2 млн теңгені құрап, 112,2%-ға орын­далды. Түсімдердің 81 пайызы, яғни 111 544,1 млн теңгесі кірістерден (негі­зінен салықтар мен алымдар), 13,5 пайызы немесе 18 473,2 млн теңгесі қарыздардан түсетін түсімдерден, қал­ғаны бюджеттік кредиттерді өтеу­ден тұрады. Қарыздардан түсетін тү­сім­дерді тұрғын үй құрылысын қаржы­ландыру және Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру үшін әкімдік шығаратын бағалы қағаздардан түсетін түсімдер құрайды.

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында шығыстар бойынша облыстық бюджет 100 %-ға орындалды. Ең көп шығындар «Трансферттер», «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары», «Білім беру», «Тұрғын үй-ком­му­налдық шаруа­шылық» және «Көлік және коммуни­кация» салаларына бөлінген.

Қазіргі уақытта Президенттің дағ­да­рысқа қарсы қаражаттың тиімді жұмсалуына мониторинг пен бақы­лауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру басым бағыт болып табылады. Облыста «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының» жобаларын іске асыру бойынша 6 769 жұмыс орнын ашу қамтамасыз етілген. Өңірде әлеуметтік-мәдени нысандар» бағыты бойынша 157 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық объектілерін» тұрғызуға – 82, ин­женерлік-көліктік инфрақұрылым объек­тілеріне – 78 және елді мекен­дерді абаттандыруға 60 жоба қарас­тырылған.

Биылғы 10 тамыздан бастап «Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мем­лекеттік бағдарламасы» мен «Жұ­мыс­пен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағытын іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит өткізіліп, оған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінен жалпы сомасы 32 107,0 млн теңге қамтылды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шең­берінде облыстың ауылдық елді мекен­дерінде әлеуметтік және инже­нерлік инфрақұрылымды дамытуға 2020 жылға 4 920,0 млн теңге бөлініп, 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бо­йынша 931 915,2 мыңы игерілді.

Әрбір мемлекеттік аудиттің қоры­тындысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің бірінші басшыларының қатысуымен, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен, аудан әкімдерімен және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірлесіп отырыс өткізді.

Биыл Тексеру комиссияның отырыстары Nur Otan партиясының облыстық филиалында өткізілуде. Аудит қорытындысы бойынша 2020 жылдың 1 жартыжылдығында қаржылық тәртіпті нығайту және анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 5 ұсыныс пен 25 тапсырма берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы