• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қазан, 2020

Карантин кезінде мәдениет және спорт нысандары қалай жұмыс істейді?

246 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, пандемия кезінде мәдениет нысандарын ашу немесе жабу үшін әлі де болса ведомствоаралық комиссия мен бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімі негіз болып отыр.

"Өз кезегінде, пандемияның алғашқы күндерінен бастап біз спорттық және мәдени нысандардың жұмысы туралы өз көзқарасымыз бен регламентімізді ұсындық. Денсаулық сақтау министрлігі мен ведомствоаралық комиссия мүшелері біздің ұсыныстарымызды мұқият зерттеді. Енді бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бірақ барлық мәдениет және спорт қызметкерлері нысандардың ашылуын күтіп жүргенін және әрқашан да өз жанкүйерлері мен көрермендерін қуана қарсы алатынын атап өткім келеді", - деді министр.