Табиғат • Бүгін, 00:23

Іле-Алатау паркінде сібір тауешкісі мен жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалды

21 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іле-Алатау паркінде сібір тауешкісі мен жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалды

Іле-Алатау паркіне қарасты жабайы табиғатты қорғау және есепке алу жұмыстары аясында фототұзақ арқылы ерекше кадрлар түсірілді. Фототұзаққа сібір тауешкісі мен жабайы қабан түсті.

«Бұл суреттер жануарлардың мінез-құлқы мен олардың табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат береді. Алынған деректер болашақ зерттеулер жүргізуге және табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге қажет. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жабайы табиғатты сақтау және зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Заманауи технологияларды қолдану табиғи мұраны қорғауда және сирек кездесетін түрлерді зерттеуде маңызды рөл атқарады», делінген ақпаратта.