Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) және Е.М. Примаков атындағы РҒА әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты (ИМЭМО) ұйымдастырған іс-шара екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін маңызды сараптамалық алаңға айналды.
«Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХ өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында атап өткендей, Ресей еліміздің сыртқы саудасының 20%-ға жуығын қамтамасыз ететін Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Бұл еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ресеймен ынтымақтастықты тереңдетудің стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.
Кездесуде экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, климаттық күн тәртібі, сондай-ақ білім, ғылым және жастар саясаты салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жаһандану, экономиканы цифрландыру, урбанизация және болашақты стратегиялық болжау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылаулар сонымен қатар екіжақты диалогты одан әрі тереңдетуге және алдағы кездесулердің күн тәртібін қалыптастыруға негіз болды», деп жазды ол.
Іс-шараға «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, МГИМО, «KAZENERGY», «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы, РФ ЭБЖ, «Самұрық-Қазына» АҚ, Астана халықаралық университеті және «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы сияқты ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу екіжақты байланыстарды нығайтуға, оларды барлық негізгі бағыттар бойынша одан әрі дамытуға және ЕАЭО аясындағы үдерістерді оңтайландыруға ықпал ететін Қазақстан мен Ресей арасындағы сарапшылық диалогтың маңыздылығын растады.