• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қазан, 2020

Қазақстанда "Ұлағатты ұрпақ" мәдени-білім беру жобасы іске қосылды

594 рет
көрсетілді

Балалардың тұлғалық айқындауын дамыту, олардың қабілеттерін дамыту, оқушылардың адамгершілік және рухани дамуы үшін қосымша білім берудің маңыздылығын ескере отырып, Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылдың 4 қазанында "Ұлағатты ұрпақ" мәдени-білім беру жобасын іске қосты.

Жоба 1-11 сынып оқушылары үшін әзірленген және ұзақтығы 10-15 минуттан аспайтын онлайн-форматтағы қысқа бейне-сабақтарды қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.

"Балалар үйден шықпай-ақ Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды турлар жасай алады, опера, балет, драма өнерінің үздік үлгілерін, қазақстандық және шетелдік қызықты кинофильмдер мен мультфильмдерді көріп, таңғажайып музыкалық туындылардың дыбысын тыңдайды. Оқушыларға madeni-m.kz сайтында қазақ және орыс тілдерінде музыкалық өнер, театр өнері, кинематография, бейнелеу өнері және Қасиетті Қазақстан атты 5 бағыты бойынша барлық білім беру бейне-сабақтары еркін қолжетімді", - деді А.Райымқұлова.