• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2020

Елордалық дәрігерлер босану кезінде ана мен баланың өмірін сақтап қалды

574 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда № 3 көпбейінді ауруханада босану кезінде күрделі ота жасалып, дәрігерлер ана мен баланың өмірін сақтап қалды. Отаның ерекшелігі - қан кетірмей, жатырды сақтап, ұрық жолдасын бөліп алу.

"Бізге Оралдан жүктілігіне 37 апта болған науқас әйел келіп түсті. Әйелдің кесарь тілігімен туған үш баласы бар. УДЗ-да оған бұрын жасалған кесарь тілігінен “плацента тыртыққа айналған” деген диагнозы қойылды. Ұрық жолдасы қуыққа дейін өскен деген күдік болды. Кеше біз жатырдың грыжасын яғни плацентаның жатырға, метропластикаға айналу аймағына төменгі кесір тілігін жасадық, осылайша жатырды сақтап қалдық. Бүгін әйел баласымен, күйеуімен бірге палатада жатыр. Оның жағдайы тұрақты. Салмағы 3135 грамм, бойы 52 сантиметр дені сау қыз бала дүниеге келді. Яғни біз жаңа туған нәресте мен ананың өмірін де, ағзасын да сақтай алдық", - деді жоғары санатты акушер-гинеколог, PHD докторы, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, SunLife МО бас дәрігері Айгүл Дүйсембаева.

№ 3 көпсалалы ауруханада мұндай операциялар бес жылдан бері жасалып келеді. Жүкті әйелдерде плацентаның өсуі жағдайлары өте сирек, бірақ кесарь тілігінің кесірінен соңғы кезде жиі кездеседі. Биыл осындай бес операция жасалып, олар да сәтті өткен."Жүктілік кезеңі күрделі өтіп, босану процесі қиын болып, соңында операцияға жату әйел үшін де, хирургтар үшін де физикалық және психоэмоционалдық тұрғыдан оңай емес. Санаулы болса да, мұндай науқастар кездеседі", – деп атап өтті Айгүл Дүйсембаева.

Операция кезінде қолданылған озық технология әйелдің жатырын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл науқастың кейінгі жағдайы мен өмір сапасын үшін өте маңызды. Себебі жатыр тек бала туу қызметін ғана атқарып қоймайды, сонымен қатар жүрек-тамыр мен гормоналды жүйеге де тікелей әсер етеді, дейді дәрігерлер.