• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2020

Мобильді топтар екі жүзден астам ШОБ субъектісін тексерді

207 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан полицейлері карантин режимін сақтау бойынша тексерісті жалғастыруда. Мобильді топтар кәсіпкерлік субъектілерге күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер өткізіп, тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен қатар, полицейлер азаматтарға коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін карантин режимін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруді жалғастыруда. Көптеген қала тұрғындарға көпшілік жиналатын орындарға, саябақтарға, скверлерге, базарларға барған кезде ПД қызметкерлері сақтық шараларын еске салды. Азаматтарды қоғамдық орындарда жауапты болуға, санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға шақырды.

"Бір тәулік ішінде полицейлер тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, 224 кәсіпкерлік нысанын тексерді. 20 нысан карантин талаптарын бұзған. Барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ПД таратқан хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес заң бұзушылар жауапқа тартылатынын еске салады. Тұрғындар міндетті түрде маска тағу, қашықтықты сақтау, санитайзерлерді пайдалану қажет.