• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қазан, 2020

Будапештен қоржынымыз бос қайтты

199 рет
көрсетілді

Мажарстанның бас шаһары – Будапеште дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Ерлер арасындағы сайыста Ресей құрамасына тең келер команда табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Будапеште сарапқа салынған жеті бас жүлденің бесеуін ресейліктер иеленді. Олар – Яго Абуладзе (60 кило), Абдулла Абдулжалилов (66 кило), Михаил Игольников (90 кило), Нияз Ілиясов (100 кило) және Инал Тасоев (+100 кило). Қалған қос алтынды әзірбайжандық Рустам Оруджев (73 кило) пен түркиялық Ведат Әлбайрақ (81 кило) олжалады.

Әйелдер сайысына Францияның өкілдері – Амандин Бюшар (52 кило) мен Одри Чёмео (78 кило) қарсылас шақ келтірмеді. Сондай-ақ, косовалық Дистрия Красники (48 кило), канадалық Джессика Климкайт (57 кило), словениялық Тина Трестняк (63 кило), ховатиялық Барбара Матич (70 кило) және түркиялық Сайит Кайра (+78 кило) алтыннан алқа тағынды.

Өкінішке қарай, осы жарысқа қатысқан Қазақстанның барлық балуандары тегістей ұтылды. Ең сорақысы, солардың дені алғашқы кезеңдерде сүрінді.