• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қазан, 2020

Шырайлы «Шығыс әлемі»

444 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер Одағының мүшесі Ахмет Ахаттың 65 жасқа толған мерейтойына орай «Шығыс әлемі» көрмесі ашылды.

Шараның мақсаты – қазір­гі заманғы суретшілердің шығар­машылығындағы тарихи сюжеттер мен Шығыс колоритінің сабақтастығын көрсету.

Көрменің ашылу салтанатында Ұлттық музей директоры А.Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Е.Шаймардан, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғам­дық бірлестігі Нұр-Сұлтан қала­лық филиалының төрағасы Р.Абдусаламов сөз сөйлеп, қыл­қалам шеберінің отандық бейнелеу өнерін дамытудағы қосқан үлесін атап өтті.

А.Ахат 1974 жылы Алма­ты қала­сындағы Қазақ педаго­ги­калық институтының Көркем­сурет-графика факультетін бі­тір­­ген. 1995 жылы Ташкент қа­­­­ласындағы «Азия арт» көр­ме­сінде алтын медальға ие болды. «Ильхам» премиясының лау­реаты, «Мәдениет саласының үз­дігі», Гиннесс рекордының ие­­гері, сонымен қатар Лондон­да­ғы аукцион көрмесінің қатысу­шысы.

Суретшінің жұмыстары Ә.Қас­теев атындағы мемлекеттік өнер музейінде, Мәскеудегі мем­­лекеттік шығыс өнер мұ­ра­­жайында, «Ақ Орда» резиден-

циясында және Германия, Ита­лия, Түркия, АҚШ, Қытай елде­рінің жеке жинақтарында сақтаулы.

Ол – табиғатынан шығысқа жақын өнер иесі. Тамғалы тас­тың сюжеттерін өзінің барлық шығармашылық жұмыстарында қолданады. Бұдан басқа, тарихи әдебиет оның шабыт көзі болып қала бермек. Оған дәлел, көр­медегі жартастағы суреттер. Бұған қоса қатысушыларға көркем және графикалық туын­дыларды да ұсынды. Оның шы­ғармаларында жеке түс схемасы ерекше. Көрмедегі 100-ден аса туындыдан соны бай­қадық.

Суретшінің өнер саласындағы көптеген қызығушылықтарының ішіндегі ең тұрақтысы – петроглифтер, жартастағы суреттер, мифтік санамен өмір сүрген қола дәуіріндегі аты белгісіз сурет­шілердің символикалық іс-әрекет­терінің іздері. Ол өзінің туын­дыларына осы белгілерді жиі қосады.

Тағы бір қайталанатын сюжет – Шығыс Түркістан қалалары. Атап айтсақ, балшық үйлер, есік­тердің тар саңылаулары бар қабырғалар, қаңырап қал­ған көшелер. Осылайша шығар­ма­лары арқылы экзестенциалды жалғыздықты білдіреді.

Айта кетейік, бұған дейін автор­дың жеке көрмелері Мәс­кеу, Анкара, Генуя, Алматы, Үрімші қалаларында өткен.