Грек-рим күресінен Қазақстанның ұлттық құрама командасы кезекті оқу-жаттығу жиынын Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жанашыр ауылында өткізеді.
Балуандар 29 қазанда бас қосып, 15 қарашаға дейін осындағы орталықта жаттығады. Ұлттық командамыздың бас бапкері Бақтияр Байсейітов бұл жиынға 24 балуанды шақырды. Солардың арасында Қорлан Жақанша (55 кило) Мейрамбек Айнағұлов, Айдос Сұлтанғали (60 кило), Алмат Кебіспаев, Мейіржан Шермаханбет (67 кило), Қаһарман Қисметов (72 кило), Асхат Ділмұхамедов, Тамерлан Шадукаев, Демеу Жадыраев (77 кило) Мақсат Ережепов (82 кило), Нұрсұлтан Тұрсынов пен Азамат Құстыбаев (87 кило), Ерұлан Ысқақов (97 кило), Нұрмахан Тінәлиев пен Мансұр Шадукаев (130 кило) сынды балуандар бар.
Бұл – Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері үшін күллі әлемді шарлаған коронавирусқа байланысты жарияланған карантиннен кейінгі екінші оқу-жаттығу жиыны.