• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2020

Елімізде 10 айда браконьерлік факті бойынша 6066 әкімшілік іс қозғалған

183 рет
көрсетілді

Қазақстанда 10 айда браконьерлік фактісі бойынша 117 қылмыстық, 6066 әкімшілік іс қозғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда қоғам белсенділері мен эко-активистердің қызу талқысында жүрген тақырыптың бірі – браконьерлік. Заңсыз аң аулап, табиғат пен мемлекетке өлшеусіз шығын мен қатер келтірушілерге қарсы күрес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті тарапынан жыл он екі ай үздіксіз жүргізілуде.

Десе де ағымдағы жылдың өткен 10 айында браконьерлік фактісі бойынша 117 қылмыстық, 6066 әкімшілік іс қозғалып үлгерген.

Биылғы жылдың өзінде браконьерлікпен күресті жалғастыру үшін мемлекеттік бюджеттен 845 012 млн теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар инспекторлар игілігіне 10 дана КамАЗ көлігі, 9 дана Toyota Land Cruiser автокөлігі, 2 дана Toyota Corolla автокөлігі сатып алынған. Бұл шаралар браконьерлікпен күресте үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Браконьерлікті жеңу үшін онымен күресу аздық ететін ескеру керек. Сондықтан Комитет тарапынан қоғаммен жұмыста белсенді түрде жүргізілуде. Осыған орай түсіндіру мен алдын алу шаралары мақсатында 10 ай ішінде мемлекеттік және өңірлік БАҚ беттерінде 696 мақала мен сұхбаттар жарияланған.